Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 881 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін айқындайды.
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды, салааралық үйлестіруді және оның орындалуын бақылауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Алдындағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей алушылар қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға сатып алуға жоспарланатын қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (мөлшері) және жеткізу орны туралы мәліметтер көрсетілген, тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырманы қағаздағы және электрондық түрде қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді. Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жылғы кезең алдындағы қаржы жылы болып табылады.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.";
9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
10. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде алушының атына қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар тізбесін, сондай-ақ тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне ең төмен бағаны жібереді.
Жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алынады.
11. Алушы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда ұсынылған бағаға сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыста бекітілген сома шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымға енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақтыланған өтінімді ұсынады.
12. Лимиттер жеткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымдарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
13. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 25 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 20 шілдесіне дейінгі мерзімде орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Баға белгілеу қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттаманы – жоспарлы калькуляцияны ұсынады.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы (комиссиялары) (бұдан әрі – орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия) құрылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және жұмыс тәртібін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды, ал оның (олардың) қызметі аудио және бейнетіркеу қолданылып, жабық режимде жүзеге асырылады.";
20-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алушы ағымдағы қаржы жылының 20 тамызына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға үлгілерді бекіту туралы акт жібереді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және алушы ағымдағы қаржы жылының 25 шілдесі – 25 қыркүйегі аралығында қаражат алушыда болғанда орындаушыларды таңдау рәсімдерін жүргізеді.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе қаражат алушыда болғанда алушы тізілімге енгізілген ұйымдар қатарынан орындаушыларды таңдауды конкурстық негізде жүргізеді.";
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте мәлімделген құнның төмендеуін ескеріп, жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.";
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Айрықша жағдайларда кенеттен туындаған қатер пайда болған, төтенше ахуал туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде, мемлекетте қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Республикалық жедел штабының міндеттерін шешу мақсатында қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін қажеттілігіне қарай жүргізеді.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қаражат алушыда болғанда алушы ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алушылардың өтінімін бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді және ол мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.";
35-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты уақтылы және (немесе) сапалы қалыптастырмағаны үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.";
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар қорғаныстық тапсырысты өздеріне қатысты бөлікте орындауға тиісті шарттардың жобаларын жіберу арқылы оның тапсырмаларын тиісті орындаушылардың назарына жеткізеді.
37. Алушылар тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және (немесе) республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер береді.";
40-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне бюджеттік сұранымдарды енгізеді.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Арнаулы мемлекеттік органдар тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымды қалыптастыру мақсатында ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарынан кешіктірмей техникалық тапсырманы отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және (немесе) уәкілетті ұйымға Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсыну үшін жібереді.";
58-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Арнаулы мемлекеттік органдар республикалық бюджет нақтыланған және (немесе) түзетілген кезде тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және (немесе) республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Тізілімді қалыптастыру, бекіту және жүргізу қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың және орналастырудың құрамдас бөлігі болып табылады және оны мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Өтінімдерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылы ішінде қызметтің тиісті бағыттары бойынша жыл сайын береді.";
71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Өтінімді мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарайды.
72. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органдардың лауазымды адамдары мен алушылар енгізіледі.";
75, 76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 68 – 69-тармақтарында көрсетілген құжаттардың сәйкес еместігін анықтаған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган құжаттар қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушіні, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушіні анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл ретте хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен кейінгі күн оны отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің алған күні болып саналады.
76. Отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса беріп, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы жазбаша хабар етеді.
77. Отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды бұзушылықтардың жойылғаны туралы хабардар етуі тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия үшін өтінімді қайта қарауға негіз болып табылады.
78. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде тізілімді бекітеді немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.";
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың, білікті мамандардың көлемінен және санынан айырылған және (немесе) олар азайған кезде тізілімге енгізілген ұйым күнтізбелік жиырма күн ішінде бұл туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды тиісті құжаттарды қоса беріп хабардар етеді.
Тізілімге енгізілген ұйым қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге қажетті өндірістік, оның ішінде кемінде үш жыл мерзімге ұзақ мерзімді жалдау құқығындағы үй-жайлардың, меншік құқығындағы технологиялық жабдықтар мен білікті мамандар көлемінің және (немесе) санының ұлғайғаны туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды өз қалауы бойынша хабардар етеді.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган тізілім бекітілген, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ұйымдардың атына өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ мүдделі алушылардың атына тізілімге енгізу не енгізуден бас тарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жібереді. Бұл ретте хабарлама электрондық пошта арқылы жіберілген күннен кейінгі күн оны отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің алған күні болып саналады.";
87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы және орындаушы арасында жасалған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
88. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобалары алушының немесе қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартқа сәйкес жасалады.";
90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы қорғаныстық тапсырысты орындаушыға қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актісі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорғаныстық тапсырысты орындауға шартты жібереді.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмаған жағдайда қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды қорғаныстық тапсырысты орындаушы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімі сапасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жіберуге құқылы.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда қорғаныстық тапсырысты орындау ерекшеліктері";
95, 96, 97, 98, 99, 100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мен орындаушы арасында алушының пайдасына жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
96. Алушының пайдасына қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобалары мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартқа сәйкес үш данада жасалады.
97. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасайтын қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттарда осы Қағидалардың 89-тармағында көзделген мәліметтерден басқа алушы туралы мәліметтер, сондай-ақ оның қорғаныстық тапсырыс өнімдерін қабылдап алумен байланысты міндеттемелері көрсетіледі.
98. Бақылау көлемін, сондай-ақ орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктің бар-жоғын айқындау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Әскери өкілдіктер орталығына келісуге жібереді.
Бұл ретте Министрліктің Әскери өкілдіктер орталығының шарт жобасын қарау мерзімі шарт жобасы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
99. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасаған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілетін қорғаныстық тапсырыс өнімдерінің сапасы шарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.
100. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасаған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды әскери өкілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
101. Орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмаған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыс өнімі сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін оларға өз өкілдерін жіберуге құқылы.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын өнімдер саласында арнайы білім, тәжірибе және біліктілік қажет болған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мамандарды, оның ішінде пайдасына қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасалған алушының мамандарын тартады.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін алушының мамандарын тарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган тиісті алушының атына сұрау салу жібереді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Алушы сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін тағайындалған өз өкілдері туралы мәліметтерді жібереді.";
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Қорғаныстық тапсырыс өнімдерін қабылдап алумен байланысты міндеттемелерді орындау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган орындаушымен шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарттың бір данасын алушының атына жібереді.";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Алушыға қорғаныстық тапсырыс өнімдерін беру үшін орындаушы қорғаныстық тапсырыс өнімдері берілгенге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды және алушыны өнімдерді берудің жоспарланған күні туралы хабардар етеді.";
108-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орындаушының, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өкілдерін және әскери өкілдерді алушының аумағына кіргізуді;";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Қабылдап алу нәтижесі бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімдері атауының, сапасының, санының және (немесе) жиынтығының шарт талаптарына сәйкес келмеу фактісі расталған кезде алушы бұл туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, анықталған кемшіліктер туралы акт жасайды және оны орындаушыға береді.";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Орындаушы он жұмыс күні өткеннен кейін кемшіліктерді жоймаған жағдайда, алушы өнімдерді орындаушыға қайтаруды жүзеге асырады және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына тиісті хабарлама жібереді.
Қорғаныстық тапсырыс өнімдерін жеткізуге және сақтауға байланысты әрі қарайғы шығыстарды қорғаныстық тапсырысты орындаушы көтереді.";
113, 114 және 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Алушының пайдасына жасалған тауарды беру шарты бойынша төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жауап хабархат жібереді.
114. Алушы тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алынған құндылықтарды есепке алу туралы хабархат жібереді.
115. Қорғаныстық тапсырысты орындау жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) арналған шарт негізінде жүзеге асырылған жағдайда алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органнан шарттың бір данасы алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қару-жарақты, әскери техниканы және (немесе) өзге де мүлікті (бұдан әрі – ҚжӘТ) дайындауды және орындаушыға беруді қамтамасыз етеді.";
119 және 120-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) нәтижесі бойынша ҚжӘТ -нің баланстық құнын ұлғайту қажет болған жағдайда алушы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне және ҚжӘТ-ні қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алынған құндылықтарды есепке алу туралы хабархат жібереді.
120. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) арналған шарт бойынша төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алушының атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жауап хабархат жібереді.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Алушымен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасалғаннан кейін уәкілетті ұйым шетелдік өндірушілер арасында қорғаныстық тапсырысты орналастыру рәсімін бастайды.";
125-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен жасалған шарттың техникалық ерекшелігі нақты атауды, тауар белгілерін немесе сатып алынатын өнімдердің белгілі бір шетелдік өндірушіге тиесілілігін көрсететін кез келген басқа ақпаратты қамтыса;";
126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"126. Осы Қағидалардың 125-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті ұйым мен орындаушылар арасында шарттар (келісімшарттар) жасау рәсімдері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе алушымен шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.";
131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"131. Орындаушыны таңдау мақсатында уәкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушымен шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызмет бейіні қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келетін шетелдік өндірушілердің және (немесе) олардың ресми өкілдерінің атына баға ұсыныстарына сұрау салу жібереді.";
135-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұрау салуға қорғаныстық тапсырысты алушымен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен жасалған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа техникалық ерекшелік қоса беріледі.";
145 және 146-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"145. Уәкілетті ұйым мен баға ұсыныстарына сұрау салу арқылы айқындалған орындаушылар арасында келісімшарттар жасау рәсімдері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.
146. Осы Қағидалардың 145-тармағында көзделген мерзімде шарт жасау мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушының атына келісімшарт жасаудың кідіру себептері және болжамды мерзімдері туралы хабарлама жібереді.";
147-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"147. Уәкілетті ұйымның хабарламасы негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:";
147-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"147-1. Егер қорғаныстық тапсырысты орындау нәтижесі бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімдерінің нақты құны қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленгеннен төмен болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы мен уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа бағаны төмендету бөлігінде өзгерістер енгізеді.";
154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаражат алушыда болғанда алушы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыс іс-шараларының орындалуы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде мерзімнің бұзылуы туралы есепті және жыл сайын, 25 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын орындамаудың барлық фактісі туралы жылдық есептерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
155. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын орындамаудың барлық фактісі туралы жылдық есепті ұсынады.";
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"158. Қажет болған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган, алушылар және арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл процесін регламенттейтін (нақтылайтын) ведомствоішілік құжаттарды әзірлейді.".
2. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларында:
3-тармақтың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
3. "Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 812 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысының (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қорғаныстық тапсырысты алушының өкілдері, әскери өкілдіктер өз жұмысын ұйымда белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын ескере отырып ұйымдастырады. Оларды қызметтік, өндірістік және қойма үй-жайларына кіргізу ұйымда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
4. "Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".
5. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) бейбіт уақытта – Қарулы Күштердің Бас штабы;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.";
15-тармақтың 235) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"235) мүліктік жалдауға (жалға) берілген пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;".
6. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1146 қаулысында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықтарды және қосарланған мақсаттағы тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. 2000 жылғы 20 маусымда жасалған, "1992 жылғы 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес кызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықтарды және қосарланған мақсаттағы тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнімдер:".