ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының отыз сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 қазандағы |
|
| № 878 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-192-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-192. "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 375-9-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"375-9-2. "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 347-жолдағы 5-бағанның 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы";".
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, масс-медиа, қоғамдық кеңестердің қызметі, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат;";
17) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"45) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
98) тармақша алып тасталсын;
102) тармақша алып тасталсын;
107), 108), 109), 110), 111) және 112) тармақшалар алып тасталсын;
166) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"166) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы өзара іс-қимылды келісу;";
198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"198) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, діни қызмет, ақпарат, мәдениет, мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат салаларындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 199-1) тармақшамен толықтырылсын:
"199-1) азаматтардың, оның ішінде өтініштер мен сұрау салулар шеңберінде келіп түсетін жиі қойылатын сұрақтардың талдауын ескере отырып, ресми интернет-ресурсты ақпаратпен толтыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";
243) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"243) мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";
260) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"260) мүдделі мемлекеттік органдармен жастардың адамгершілік-рухани дамуы, мемлекеттiк отбасылық және гендерлік саясат саласында өзара іс-қимылды жүзеге асыру;";
264) және 265) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"264) мемлекеттiк отбасылық, жастар және гендерлік саясат мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де субъектілердің қызметін үйлестіру;
265) мемлекеттiк отбасылық, жастар және гендерлік саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;";
268) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"268) мемлекеттiк отбасылық, жастар және гендерлік саясат саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;";
мынадай мазмұндағы 298-1) тармақшамен толықтырылсын:
"298-1) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;";
319) тармақша алып тасталсын;
326) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"326) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту;";
394) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"394) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;";
396) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"396) республикалық меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлеу;";
мынадай мазмұндағы 496-40), 496-41), 496-42), 496-43), 496-44), 496-45), 496-46), 496-47), 496-48), 496-49), 496-50), 496-51), 496-52), 496-53), 496-54), 496-55), 496-56), 496-57), 496-58), 496-59), 496-60), 496-61), 496-62), 496-63), 496-64), 496-65), 496-66), 496-67), 496-68), 496-69), 496-70), 496-71), 496-72), 496-73), 496-74), 496-75), 496-76), 496-77), 496-78), 496-79), 496-80), 496-81), 496-82) және 496-83) тармақшалармен толықтырылсын:
"496-40) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету;
496-41) мемлекеттік және жеке архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
496-42) мемлекеттік және жеке архивтердегі төтенше жағдай кезеңіне арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
496-43) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
496-44) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
496-45) желінің ең төмен нормативтері міндетті түрде қолданыла отырып Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында ең төмен стандарттарды әзірлеу және бекіту;
496-46) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында желінің ең төмен нормативтерін әзірлеу және бекіту;
496-47) Министрлік реттейтін салалардағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
496-48) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
496-49) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
496-50) монументтік өнер құрылыстарын орнатуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
496-51) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
496-52) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
496-53) халықаралық ұйымдармен гендерлік теңдік мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
496-54) Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын басқа мемлекеттерге тұрақты сақтауға беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұйымдастыру;
496-55) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келісу;
496-56) Ұлттық архив қорының құжаттары және оның жинақтау көздерi туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын жүргізу;
496-57) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгізу;
496-58) реттелетін қызмет салаларындағы ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігіне бағалау жүргізу;
496-59) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасау, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
496-60) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргізу;
496-61) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
496-62) әскери міндеттілерді бекітіп қою жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
496-63) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
496-64) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
496-65) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
496-66) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу;
496-67) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
496-68) Министрлік реттейтін салаларда жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
496-69) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
496-70) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлеу, бекіту және (немесе) келісу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізу және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
496-71) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
496-72) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар дайындау;
496-73) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жолдау;
496-74) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсету;
496-75) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шараларды жүргізу;
496-76) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асыру;
496-77) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құру және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асыру;
496-78) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және бекіту;
496-79) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
496-80) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
496-81) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
496-82) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және бекіту;
496-83) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу;";
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".