Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
76), 77) және 78) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"76) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
77) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
78) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;";
116) тармақша алып тасталсын;
116-2), 116-3), 116-4) және 116-5) тармақшалар алып тасталсын;
151) тармақша алып тасталсын;
166) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"166) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 166-1) тармақшамен толықтырылсын:
"166-1) Министрліктің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 285), 286), 287), 288) және 289) тармақшалармен толықтырылсын:
"285) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;
286) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
287) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
288) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекітеді;
289) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекітеді.";
19-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |