Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5-тармақ үшінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын осы Қағидалардың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға олардың мектепке дейінгі ұйымға бару кезеңінде мемлекет тамақтану шығыстарын жергілікті бюджеттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде өтейді.";
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің растайтын құжаттар қоса берілген, еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |