Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 423 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша |
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі