"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 210 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәлімет береді;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мыналардың:

      агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;

      азық-түлік тауарларының;

      азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің;

      тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілетін биржалық тауарлармен сауда-саттықтың мониторингін жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;

      13-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов