Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұлттық басылым күні – 2 ақпан";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Радио күні – 1 қазан".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |