Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 665 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 59-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2025 № 56 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов