"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 658 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлім:

      мына:

      "


12.1)

"Маңғышлақ Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "


13)

"GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



      ";

      мына:

      "

18-1.

16.1.

"Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2024

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "



"QazaqGaz" ҰК" акционерлік қоғамы



18-2.

16.2.

"GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2024

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов