"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 649 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 243-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 397-1), 397-2) және 397-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "397-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      397-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;

      397-3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;";

      мынадай мазмұндағы 467-13), 467-14), 467-15), 467-16), 467-17), 467-18), 467-19), 467-20), 467-21), 467-22) және 467-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "467-13) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;

      467-14) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;

      467-15) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      467-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;

      467-17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;

      467-18) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

      467-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      467-20) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      467-21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;

      467-22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      467-23) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ол белгілеген тәртіппен қызметтің реттелетін салаларындағы ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов