"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 624 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 141-1) және 141-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "141-1) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;

      141-2) арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысқан қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов