"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 489 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:

      мына:

      "


Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

-

Директорлар кеңесінің мүшесі


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

-

Директорлар кеңесінің мүшесі

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов