Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
344) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"344) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту мен реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 345-1) тармақшамен толықтырылсын:
"345-1) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлейді және бекітеді;";
349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"349) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарға геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеуді, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |