Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 593 бірлік болып бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 469 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде: | 593 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі | 336 |