"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 464 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 266-1) және 266-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "266-1) отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      266-2) отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық жасау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 16 маусымда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов