Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 395 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 395 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 71-жолмен толықтырылсын:

      "71. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-1-жолмен толықтырылсын:

      "104-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106-1-жолмен толықтырылсын:

      "106-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 111-11, 111-12-жолдармен толықтырылсын:

      "111-11. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі.

      111-12. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі.";

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

      "14-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:

      "21-1. Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі";

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 81-жол алып тасталсын.

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. Қызмет бабында пайдалану үшін.