Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 405-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"405-5. "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
2) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) балаларды алты жастан бастап тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданбай қабылдау тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
"34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
"46-1) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"66) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 133-1) тармақшамен толықтырылсын:
"133-1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 235-37) тармақшамен толықтырылсын:
"235-37) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басқару, әкімшілік және көмекші персоналының штат санын және штат кестесін өзгерту тәртібін айқындау;";
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |