Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 638 қаулысы;
2) "Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 287 қаулысымен бекітілген Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |