"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағида

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 349 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсына Ұлттық қор қаражатын басқару және пайдалану жөніндегі ақпаратты жартыжылдық негізде орналастырып тұрады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133 және 134-баптарына сәйкес жүргізіледі.";

      4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жылдық есепті жүргізілген сыртқы аудит нәтижелерімен қоса ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілікке бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және бас бухгалтері қол қояды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 349 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына активтерді
есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  № ________ бет
  Қалыптастырылған күні ____

_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп 20 ___жылғы есепті кезең

      Индексі: ДДКСННФ-1

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палатасы, Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде

      Өлшем бірлігі ________

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың коды

Атауы

Жыл басынан бері өсу шамасына қарай сомасы

I. Кірістер:

1

Салықтық түсiмдер


1

Табыс салығы


1

Корпоративтiк табыс салығы


5

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтiк табыс салығы


5

Тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге салынатын iшкi салықтар


3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсiмдер


22

Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын үстеме пайда салығы


25

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн бонустар


26

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығы


27

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн экспортқа рента салығы


28

Жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша мұнай секторы ұйымдарынан түсетін Қазақстан Республикасының үлесi


29

Өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға балама салық


2

Салықтық емес түсiмдер


4

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


2

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


1

Орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


2

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


3

Зиянды өтеу туралы талап қою бойынша мұнай секторы ұйымдары табиғат пайдаланушылардан алған қаражат


6

Салықтық емес өзге түсiмдер


1

Салықтық емес өзге түсiмдер


11

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін салықтық емес басқа түсiмдер


3

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер


3

Жерді және материалдық емес активтерді сату


1

Жер сату


2

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер


II. Қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер

6

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Ел ішінде қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


3

Республикалық меншiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер


7

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер


III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы (бұдан әрі – ҚБШ) түсiмдер жиыны

IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дан аударымдар

13

Өзге


9

Өзге


217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi


5

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражат аударуды ұйымдастыру


339

Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер


V. Түсiмдер мен аударымдар сальдосы

VI. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дағы қаржы жылының басындағы ақша қалдығы

VII. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дағы есептi кезеңнің соңындағы ақша қалдығы

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы

      _____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Есептi қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы

      _____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 349 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары

  1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы 20__ жылғы есепті кезеңдегі есебі

      Индексі: ФФИНФ-1

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде.

Р/с

Қаржылық есептілік баптарының атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

1.

Есепті кезеңнiң басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, барлығы:


2.
 
2.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.3.
 
2.4.
2.5.
 
 
 
 
 
2.6.
 
 
2.7.
 
2.8.
2.9

Түсімдер, барлығы:
оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайда салығы;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
экспортқа рента салығы;
жасалған келiсiмшарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесі;
өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға балама салық;
мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда), оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
шығынды өтеу туралы талап қоюлар бойынша табиғат пайдаланушылардан мұнай секторы ұйымдары алған қаражат;
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық емес басқа түсімдер;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерді сатуынан түсетін түсімдер;
республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кiрiстер


3.
3.1.
3.2.
3.3.
 
3.4.

Пайдалану, барлығы:
кепiлдiк берiлген трансферт;
нысаналы трансферттер;
Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарды төлеуге және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктердің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу шығыстары


4.
4.1.
4.2.

Инвестициялық кіріс, барлығы:
басқару нәтижелері бойынша теңгемен есептелген пайда/шығын;
қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма


5.

Ұлттық қордың есептелген және төленбеген шығыстарының сомасы


6.

Мерзімінен бұрын өтеуді ескергенде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздардың, олардың бастапқы тану кезіндегі әділ (нарықтық) құны мен нақты құны арасындағы айырма


7.

Айырма мен дөңгелектеу сомасы, оның ішінде өткен жылдардағы қаржылық есептілікте көрсетілгендер


8.

Ұлттық қордың есептi кезең соңындағы қаражаты, барлығы:


      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы

      ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы

      ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдегі активтері мен міндеттемелері туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-2

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Ағымдағы кезеңнің соңына

Өткен жылдың соңына

1

2

3

Активтер



...



Активтер жиыны



Міндеттемелер



...



Міндеттемелер жиыны



Таза активтер



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдігі жиынтық кірісі туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-3

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең үшін

Өткен жылғы кезең үшін

1

2

3

Кірістер



...



Кірістердің жиыны



Шығыстар



...



Шығыстардың жиыны



...



Таза пайда/(шығын)



Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)



...



Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)



Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс/(шығын)



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-4

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптың атауы

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең үшін

Өткен жылғы кезең үшін

Операциялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



Таза пайда/(шығын)



Мыналарға түзетулер:



...



Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының операциялық активтердегі және міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы



Операциялық активтердің ұлғаюы/(азаюы):



...



Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы/(азаюы):



...



Операциялық қызметтегі (қызметтен) ақшалай қаражаттың таза түсуі/(пайдаланылуы)



Инвестициялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



...



Инвестициялық қызметтегі (қызметтен) ақшалай қаражаттың таза түсуі/(пайдаланылуы)



Қаржылық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



...



Қаржылық қызметтегі/(қызметтен) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)



Ақшалай қаражаттың және олардың баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)



...



Кезең басындағы ақшалай қаражат және оның баламалары (шығынға арналған бағалау резервін шегергенге дейін)



Кезең соңындағы ақшалай қаражат және оның баламалары (шығынға арналған бағалау резервін шегергенге дейін)



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  5-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі 20___ жылғы есепті кезеңдегі өзгерістер туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-5

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Таза активтердің жиыны

1

2

3

4

5

6

Өткен кезеңнің басындағы қалдық






Таза пайда/(шығын)






Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:






...






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:






Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар






...






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы






Өткен кезеңнің аяғындағы қалдық







Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Таза активтердің жиыны

Ағымдағы кезеңнің басындағы қалдық






Таза пайда/(шығын)






Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:






...






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:






Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар






...






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы






Ағымдағы кезеңнің соңындағы қалдық






      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)