"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақта:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы "болған жағдайларда жүзеге асырылады." деген сөздер "болған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан тұрғындарға келтірілген мүліктік зиянды өтеу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік шығындарға өтемақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерін пайдалану мақсатында Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың оң ұсынысы не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады, оған облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.";

      7-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Премьер-Министр тапсырған жағдайда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Үкімет резервтерінен қаражат бөлуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 24-5-тармақпен толықтырылсын:

      "24-5. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

      Негіздемелер мен есеп-қисаптар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-2-тармақпен толықтырылсын:

      "27-2. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу үшін шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінен қаржыландырылған кезде шығыстардың әр түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50 %-ынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) ақы төлеуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілген шығыстарды кейіннен қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және осы қаулының 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов