Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қажеттігіне негіздеме болуы мүмкін өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтерді;";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 240 қаулысына қосымша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі
Р/с | Негіздемеде көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1 | 2 | 3 |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | |
3. | Жағдайдың өзгешелігінің негіздемесі | |
4. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты жасырын сақтау қажеттігіне байланысты мемлекеттік салып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу қажеттігінің негіздемесі (егер қабылданатын актіде осындай ерекшеліктер белгіленетін болса) | |
5. | Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу қажеттігінің негіздемесі (егер қабылданатын актіде жалғыз өнім беруші айқындалатын болса) | |
6. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері мен болжамды тиімділігі | |
7. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қажеттігінің негіздемесі болуы мүмкін өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер |
Мемлекеттік органның бірінші басшысы ___________________________
қолы, қолдың толық жазылуы
Күні_________________