"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту турал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 147 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 219, 225-5 және 232-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік кепілдіктің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есептік сипаттамаларын (кепілдіктің нөмірі және ресімделген күні, кепілдіктің нөмірі және тіркелген күні, кепілдік берілген валюта және сома, кепілдіктің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      Мемлекеттік кепілдік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік өз қолданысын тиісінше Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 223 және 225-7-баптарына сәйкес тоқтатады.";

      32-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің түпнұсқалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы барлық міндеттемелерді Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі толық орындағанға дейін сақталады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 25 наурызда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 147 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыздарды,
мемлекет кепілгерлігімен
берілетін қарыздарды,
мемлекеттік кепілдіктерді,
экспортты қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін
тіркеу және есепке алу
қағидаларына
4-қосымша

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20___ жылғы "___" ______________ №____

      ________ қаласы 20___ жылғы "__" _______

      Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _________________

      нөмірімен экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті тіркейді.

      Алушы: ____________________________________________________________

      (Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы және орналасқан жері)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы

      ___________________________________________________________________

      (цифрлармен және жазып көрсету)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты

      ___________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі мен күні)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі

      ___________________________________________________________________

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі

      ___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      _____________________

      Мөр орны

      _____________________