Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-1-бабының 2-тармағына, 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:
3-тармақтың екінші бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шығындарды өтетуді жүзеге асыру үшін қызметкерлер оқиға болғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мекемеге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттар ұсынады:
1) қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) қажет болған жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) стационарлық ем қабылдауы не медициналық қарап-тексерілуі (куәландырылуы) туралы стационарлық емделуге не медициналық қарап-тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсетілімдер көрсетілген анықтамасы;
4) жол жүру құжаттары;
5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмелері.
Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алуға болады;
6) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылғанда шығындарды өтеу:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болса – ақшалай ризықты бір уақытта төлеп;
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаса – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-1-бабының 2-тармағына және 73-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерлер қызмет бабымен ауысқан, сондай-ақ қызметтен шығарылған кезде Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оларға бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) жеке мүлкін тасымалдау шығындары автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шығындары өтету үшін уәкілетті басшыға:
1) қызметкер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
2) қызметтен шығарылған қызметкер жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмелерімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу туралы мүлікті тасымалдау маршруты және оның қашықтығы, төлем мөлшері көрсетілген бұйрықты:
1) қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге уәкілетті басшы;
2) қызметтен шығарылған қызметкерге қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық органның уәкілетті басшысы;
3) қызметтен шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің штатында тұрған, одан шығарылған қызметкерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы шығарады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) жол жүру құжаттары;
4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмелері.
Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алуға болады;
5) қажет болған жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) стационарлық ем қабылдауы не медициналық қарап-тексерілуі (куәландырылуы) туралы стационарлық емделуге не медициналық қарап-тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсетілімдер көрсетілген анықтамасы;
6) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;
7) құжаттарды өкіл арқылы берген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметкерлер шығындарды өтетуді жүзеге асыру үшін оқиға болғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қызмет бабымен ауысатын қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) жол жүру құжаттары;
4) мекеменің кадр бөлімшесінің қызметкерлердің отбасы құрамы туралы анықтамасы;
5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмелері.
Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алуға болады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылғанда шығындарды өтеу:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болса – ақшалай ризықты бір уақытта төлеп;
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаса – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Шығындарды өтеуге баянат
Маған _____________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты және қашықтығы көрсетіледі)
_____________________________________ шығындарын өтеуді сұраймын.
_____________ ______________ _____________________________
(лауазымы, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
______ жылғы "__" _____________ (жылы) (күні) (айы)
Бастық: _______________________________________________________.
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________________________________
Шығындарды өтеуге өтініш
Маған _________________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты және қашықтығы көрсетіледі)
шығындарын өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы _________________________________________________
________________ банкінің №__________ филиалына аударуды сұраймын.
Дербес немесе карт-шот _________________________________________
Алушының ЖСН_______________________ ____ жылғы "____" ______
Өтініш беруші __________________________________________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
Бастық: __________ ____ _________________________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)