"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 135 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов