Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 131 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Yкiметiнiң
  2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 131 қаулысымен
  бекітiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі".

      2. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі".

      3. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрін директорлар кеңесінің төрағасы етіп;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарын директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.".