"Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 53 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш";

      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

      үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов