Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Химиялық қорғау қызметі | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
";
реттік нөмірлері 9, 10 және 10-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Көлік қызметі | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
10 | Жолдар мен көпірлер қызметі | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
10-1 | Инженерлік қызмет | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
";
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет | Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі |
";
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | Ақпарат қызметі | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |