"Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 925 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1006 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 925 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов