"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 964 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-1) өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілуін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "132) жергілікті атқарушы органдардың ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг (скрининг) жүргізуі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 132-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "132-1) ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту;";

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) даму әлеуеті бар (стратегиялық ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, тірек және серіктес) ауылдардың тізбесін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 166-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "166-8) моноқалалардың тізбесін әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов