Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы";
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары
40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары";
мынадай мазмұндағы 41-2-тармақпен толықтырылсын:
"41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |