Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 19 қазандағы № 928 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік оңалу үшін зардап шегуші немесе оның атынан әрекет ететін жақын туысы (заңды өкілі) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіретін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрi (ЖСН), тұрғылықты мекенжайы және өзі қалайтын әлеуметтік оңалтудың түрі көрсетілген өтінішпен жүгінеді.".
2. "Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1293 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық залалды өтеу қағидасында:
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес көлік құралын қалпына келтіру жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын айқындау немесе көлік құралы қалпына келтірілмейтін болса, көліктің зиян келтірілген күннің алдындағы күнгі нарықтық құнын айқындау үшін көлік құралының иесі таңдаған бағалаушыны тарту арқылы көлік құралына келтірілген залал мөлшерін айқындау рәсімін ұйымдастырады.
Бұл ретте бағалауды жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органдарына жүктеледі.
6. Егер өтініш беруші жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құнын өтеуді ғана сұраса, онда бағалаушыда көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін бағалау жүргізу талап етілмейді.
7. Көлік құралының иесі өзі зиянды өтеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы көлік құралын терроризмге қарсы операция өткізілгеннен кейінгі күйде сақтайды және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының лауазымды тұлғаларының зақым келген көлік құралын қарап-тексеру жүргізу мүмкіндігін, сондай-ақ бағалаушының көлік құралын қалпына келтіру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын немесе көлік құралы қалпына келтірілмейтін болса, көлік құралының нарықтық құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
8. Көлік құралын қалпына келтіру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және қалпына келтіруге жатпайтын көлік құралының нарықтық құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) көлік құралы иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;
2) көлік құралының иесімен және бағалаушымен келісу бойынша бағалау жүргізілетін жерді айқындау;
3) зақым келген көлік құралына бағалау жүргізу;
4) көлік құралының иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда көлік құралының иесі бағалаушы көрсететін қызметтерді өзі пайдалана алады.
Көлік құралы иесінің бағалаушы көрсететін қызметке ақы төлеу жөніндегі құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.
12. Бағалаушы бағалау туралы есеп жасағаннан кейін уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының басшысы осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы бұйрық шығарады.".
3. "Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасында:
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары терроризм профилактикасы жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" және "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде террористік қатердің деңгейі мен ауқымын азайту үшін басым маңызы бар саяси, әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық-насихаттық, білім беру әдістері, сондай-ақ физикалық, техникалық қорғау және құқықтық алдын алу әдістері пайдаланылатын шаралар кешенін іске асыру арқылы жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Терроризм актілеріне уақтылы ден қою және жолын кесу үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатыстырылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жедел басқаратын, тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылатын терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар жұмыс істейді.
Құрлықтық қайраңда не теңізде жүзу құралдарында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілеріне қатысты жасалған терроризм актілеріне дер кезінде ден қою және олардың жолын кесу үшін тұрақты жұмыс істейтін терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіздік жедел штаб құрылады.
Республикалық деңгейде жоғарыда аталған жедел штабтардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істейді.".
4. "Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүлік иесінің және бағалаушының қатысуымен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Мүлік құнын өтеу мөлшері зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандауының мөлшері ескеріле отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде не терроризм актісі нәтижесінде жойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің ескіруін ескергенде мүлік құнын өтеу кезінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша белгіленеді.
Зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстардың сметасымен немесе калькуляциясымен расталады.
Мүлік иесінің мүлікті бағалауды жүргізуге, зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына қосылады.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал өтініш беруші хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жетіспейтін құжаттарды ұсынудың қажеттігі туралы жазбаша хабардар етіледі.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін мүлік иесі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес таңдаған бағалаушыда мүліктің немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын бағалауды ұйымдастырады.
Бұл ретте бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.
13. Мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын немесе оның құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) мүлік иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;
2) мүлік иесімен келісу бойынша бағалау жүргізілетін уақыт пен жерді айқындау;
3) зақым келген мүлікке бағалау жүргізу;
4) мүлік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Егер жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларының 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады. Мүлік иесінің бағалаушы көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.
17. Бағалаушы бағалау туралы есепті жасағаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтініш пен тиісті құжаттар негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен залалды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешім жобасын әзірлейді.
Мүлік құнын өтеуден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 914 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүлік иесінің және бағалаушының қатысуымен уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы жүзеге асырады.
Мүлік құнын өтеу мөлшері зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандауының мөлшері ескеріле отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде не терроризм актісі нәтижесінде жойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің ескіруін ескергенде мүлік құнын өтеу кезінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша белгіленеді.
Зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстар оны қалпына келтіру шығындарының сметасы немесе калькуляциясы бойынша расталады.
Мүлік иесінің мүлікті бағалауды жүргізуге, зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына қосылады.";
8-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мүліктің терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта зақымдалу фактісін растайтын терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және теңіздік жедел штабының басшысы (мүліктің зақымдалғанын немесе жоғалғанын көрсете отырып) берген анықтаманы;";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын айқындау немесе мүлік қалпына келтірілмейтін болса, оның нарықтық құнын айқындау үшін мүлік иесі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес таңдаған бағалаушыны тарту арқылы залалдың мөлшерін айқындау рәсімін ұйымдастырады.
Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына жүктеледі.
13. Мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын немесе оның құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) мүлік иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;
2) мүлік иесімен келісу бойынша бағалау жүргізілетін уақыт пен жерді айқындау;
3) зақым келген мүлікке бағалау жүргізу;
4) мүлік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидаларының 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады.
Мүлік иесінің бағалаушы көрсететін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бағалаушы бағалау туралы есепті жасағаннан кейін уәкілетті орган өтініш пен тиісті құжаттар негізінде ақшалай қаражатты банктік үш күн ішінде мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістерге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша |
|
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына 1-қосымша |
Өтініш нысаны
__________________________________________әкімі
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)
______________________________________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)
______________________ тұратын немесе орналасқан
______________________________________________
(өтініш берушінің деректемелері Т.А.Ә. (бар болса)
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш
Сізден ____________________________________________________________________
(болған уақыты, жері, оның сипаты)
терроризм актісінің жасалуына байланысты__________________________________________
________________________________________________________________________________
(зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдалуы
салдарынан оны арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны) қоса алғанда, келтірілген материалдық
залалды өтеуді сұраймын.
Материалдық залалды мына мекенжай бойынша: _____________________________________
(облыс, аудан, қала, тұратын, орналасқан жерінің мекенжайы)
өтеуді сұраймын.
Банктің атауы ___________________________________________________________________
Банктің БСК, ЖСК_______________________________________________________________
_________________________атына ағымдағы немесе жинақ шоты_______________________
(Т.А.Ә. деректемелері (бар болса)
Алушының ЖСН № ____________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. _________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
4. ______________________________________________________________________________
5. ______________________________________________________________________________
_______ "__" __________ Өтініш беруші ______________
(жылы, күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат ___________________________________________ өтініші № _______________ болып
тіркелді. Өтініш қабылданған күн __________________________
Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы _________
_______ "__" _________ Өтініш беруші ____________________
(жылы,күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 2-қосымша |
|
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына 2-қосымша |
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы
Р/с № | Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе деректемелері | Келіп түскен күні, кіріс № | Тұратын, орналасқан мекенжайы | Материалдық залалды өтеу себебі (оқиға орнының қысқаша сипаттамасы, уақыты) | Келтірілген материалдық залалдың мөлшері | Төленген ақша қаражаты бойынша төлем құжатының № және күні (тіркеушінің қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өтініш нысаны
_______________________________________ бастығы
(терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның немесе оның аумақтық органының атауы)
_______________________________________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________ тұратын немесе орналасқан
(өтініш берушінің Т.А.Ә. деректемелері (бар болса)
_______________________________________________
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш
Сізден терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында
__________________________________________________________________________
(болған уақыты, жері, оның сипаты)
байланысты_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдалуы
салдарынан оны арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны) қоса есептей отырып, келтірілген
материалдық залалды өтеуді сұраймын.
Материалдық залалды мына мекенжай бойынша өтеуді сұраймын:
__________________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, тұратын, орналасқан жерінің мекенжайы)
Банктің атауы ____________________________________________________________
Банктің БСК, ЖСК ______________________________________
_________________________атына ағымдағы немесе жинақ шоты _______________
(Т.А.Ә. (бар болса), деректемелері)
Алушының ЖСН ______________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________________
_______ "__" __________ Өтініш беруші ___________________
(жылы, күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат ______________________________ өтініші № _________болып тіркелді. Өтініш
қабылданған күн ____________________
Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы _____________
_______ "__" _________ Өтініш беруші ___________________
(жылы,күні, айы,) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы
Р/с № | Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе деректемелері | Түскен күні, кіріс № | Тұратын, орналасқан мекенжайы | Материалдық залалды өтеу себептері (оқиға орнының қысқаша сипаттамасы, уақыты) | Келтірілген материалдық залалдың мөлшері | Төленген ақшалай қаражат бойынша төлем құжатының № және күні (тіркеушінің қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
___________________