"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 909 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) құзыреті шегінде "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындау, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұрату, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар қою және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау;";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "өз өкiлеттіктерiн жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгiлi болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтау;";

      15-тармақта:

      141) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "141) бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтерін, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 439-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "439-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік аудиторларды "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруге қатысу үшін жіберу;";

      479) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "479) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) оларды бюджетке берешекті өтеу есебінен есепке жатқызу жөніндегі төлем құжаттарын орындау;";

      мынадай мазмұндағы 479-1) және 479-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "479-1) түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асыру үшін қорытындының нысанын бекіту;

      479-2) түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу тәртібін бекіту;";

      574) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "574) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 574-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "574-1) республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 673-1), 673-2), 673-3) және 673-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "673-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;

      673-2) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;

      673-3) басқарушы компанияға берілген активтерді басқару тәртібін айқындау;

      673-4) басқарушы компанияның активтерді тиісінше басқармау фактілерін немесе активтерді заңсыз иеліктен шығару немесе оған өзге де билік ету әрекеттері туралы активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті құқық қорғау органдарына осы фактілерді тексеруі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдауы үшін хабарлау және тиісті активтерді басқарушыны немесе басқарушы компанияның лауазымды адамдарын шеттету жөніндегі іс-шараларды кейінге қалдырмай жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 758-77), 758-78), 758-79), 758-80), 758-81), 758-82) және 758-83) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-77) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      758-78) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну тәртібін бекіту;

      758-79) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      758-80) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      758-81) тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізу және (немесе) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру;

      758-82) Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалану және мониторингтеу тәртібін айқындау;

      758-83) Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты жыл сайын жариялау;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма екінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, отызыншы, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов