ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 406-1), 406-2), 406-3), 406-4), 406-5), 406-6), 406-7), 406-8), 406-9), 406-10), 406-11) және 406-12) тармақшалармен толықтырылсын:
"406-1) Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
406-2) ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастырады;
406-3) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеуді және оларды өзгертуді негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын келіседі;
406-4) босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
406-5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру туралы, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу және өзгерту, босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді;
406-6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы ұсыныс енгізеді;
406-7) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныстарын келіседі;
406-8) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
406-9) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;
406-10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
406-11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
406-12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |