Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қазандағы N 897 қаулысы. 01.01.2024 дейін қолданыста болды.

      Ескерту. Осы қаулының 2-тармағына сәйкес 01.01.2024 дейін қолданыста болды.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары мынадай мазмұндағы 24-4-тармақпен толықтырылсын:

      "24-4. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелері жер учаскелерін сатып алу жүргізілетін жергілікті атқарушы органның мұқтажы үшін сатып алынбайтын жағдайда мынадай растаушы құжаттары міндетті түрде ұсыныла отырып жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулысы;

      2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер (жеке куәлік, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) және басқа да сәйкестендіру құжаттары;

      3) әртүрлі санаттағы жер учаскелерінің орналасқан жері, ауданы, кадастрлық нөмірі (жеке тұрғын үй құрылысы, бизнес, ауыл шаруашылығы алқаптары);

      4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарық құны туралы бағалаушының қорытындысы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов