"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 859 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар – 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.";

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:

      мына:


"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

Директорлар кеңесінің мүшесі "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:


Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Директорлар кеңесінің мүшесі
".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов