ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар – 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары | – | Директорлар кеңесінің мүшесі " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі | – |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |