Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тіркеушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 және "Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 38 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |