"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 747 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 176-1), 176-2), 176-3), 176-4) 176-5) және 176-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "176-1) өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген тауарларға қатысты тыйым салулар мен сан жағынан шектеулерді (квоталарды) енгізеді;

      176-2) өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша квоталарды бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      176-3) өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөледі, сондай-ақ квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды;

      176-4) өз құзыреті шегінде жекелеген тауар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      176-5) өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың тәртібі мен нысанын әзірлейді және бекітеді;

      176-6) тауарлардың нысаналы мақсатын растауды ұсынады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов