Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 617 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
1. | Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні | – 15 ақпан |
2. | Алғыс айту күні | – 1 наурыз |
3. | Аналар күні | – мамырдың екінші жексенбісі |
4. | Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | – 31 мамыр |
5. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні | – 4 маусым |
6. | Әкелер күні | – маусымның үшінші жексенбісі |
7. | Ұлттық домбыра күні | – шілденің бірінші жексенбісі |
8. | Абай күні | – 10 тамыз |
9. | Спорт күні | – тамыздың үшінші жексенбісі |
10. | Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні | – 29 тамыз |
11. | Білім күні | – 1 қыркүйек |
12. | Отбасы күні | – қыркүйектің екінші жексенбісі |
13. | Қазақстан халқы тілдері күні | – 5 қыркүйек |
14. | Еңбек күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
15. | Қарттар күні | – 1 қазан |
16. | Нан күні | – 16 қазан |
17. | Энергия үнемдеу күні | – 11 қараша |
18. | Ұлттық валюта – теңге күні | – 15 қараша |
19. | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні | – 1 желтоқсан |