Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2024 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Кодекстің 24-бабында көрсетілген өлшемшарттарға және олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісін есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің мынадай түрлері бойынша лицензиялар туралы ақпарат алу үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;
акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет;
лотереялар өткізу;
ойын бизнесі саласындағы қызмет;
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызмет;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
кредиттік бюролардың қызметі;
күзет қызметі;
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
I кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;";
17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) дара кәсіпкерлер туралы:
ЖСН;
дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы;
бірлескен кәсіпкерлік мәртебесінің болуы немесе болмауы;
санаты (ірі, орта, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік);
осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызмет түрі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тізілімде кәсіпкерлік субъектілерін іздеу:
1) БСН немесе ЖСН;
2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;
3) дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  | 
Ә. Смайылов |