"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 598 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:

      астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат;

      2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      селекция және тұқым шаруашылығы;

      ветеринария;

      балара шаруашылығы;

      жайылымдарды пайдалану және қорғау;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;

      2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:

      жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

      тұқым шаруашылығы;

      балара шаруашылығы;

      ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      ветеринария;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы;

      органикалық өнім өндіру және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4) және 15-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындайды;

      15-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;

      15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;

      15-4) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді;

      15-5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;";

      46) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      80) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 91-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "91-1) тіркеушіні айқындайды;";

      254) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 300-1), 300-2), 300-3) және 300-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "300-1) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      300-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындайды және береді;

      300-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтайды және алып қояды;

      300-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұрады;";

      348) тармақша алып тасталсын;

      350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "350) органикалық өнім өндіру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 447-4) және 447-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "447-4) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді;

      447-5) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысанын айқындайды;";

      Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:

      "71-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Самар ауданы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      79-1-тармақ алып тасталсын;

      110-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      249-1-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов