"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 шiлдедегi № 596 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасында:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "мыналарды:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінің және Қорғаныс министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін;

      мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басшы қызметкерлерін;

      мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;

      медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінің және Қорғаныс министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов