Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:
15-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15-5) Қордың "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға өзінің таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде жыл сайын қаражат бөлуі туралы шешім қабылдауы;";
мынадай мазмұндағы 15-6) тармақшамен толықтырылсын:
"15-6) Қордың ұсынуы бойынша Қордың немесе Қор тобының ұйымының бір көзден алу тәсілімен, оның ішінде Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы туралы шешім қабылдауы;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |