Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 430 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 430 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды және жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер хаттамасының және экономикалық пайда туралы қорытындының негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша уәкілетті орган кәдеге жарату немесе жою үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы шешім қабылдайды.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті органның мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан шығару туралы шешімі қабылданғаннан кейін ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункті кейіннен мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою үшін шаралар қабылдайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюға жол берілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы", "Азаматтық қорғау туралы" (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң) және "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмылдыру резервін сақтауды жүзеге асыратын сақтау пункттері мен ұйымдар жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3 (үш) данада жұмылдыру резервінің жинақталатын және жаңартылатын материалдық құндылықтары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жасайды, олардың бір данасы сақтау пунктінде қалады, екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындаушы мемлекеттік органға, үшінші данасы 10 қаңтардан кешіктірмей ведомствоға ұсынылады.

      Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.

      Ведомстволық бағынысты ұйым мен сақтау пункттері ай сайын уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп беріп тұрады.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы ұсынылған есептер негізінде ведомство жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтау пункттері сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты көлемін ескеріп және шығындарды растайтын құжаттармен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын ұсынатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисаптары негізінде есептеледі.

      Шығындардың есеп-қисабы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша броньнан шығару тәртібімен шығару:

      1) гуманитарлық көмек көрсету;

      2) босқындарға көмек көрсету;

      3) нарыққа реттеушілік ықпал ету кезінде жүзеге асырылады.".

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 198-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Азаматтық қорғау туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның есепке алуы тәртібін белгілейді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу, есептен шығару, олардың орнын ауыстыру туралы мәліметтерді ағымдағы бақылауға алу үшін ұсынады, олар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы жиынтық есептің тиісті бағандарында көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есептен
шығару, жою, кәдеге жарату
және кәдеге жаратылған
тауарларды өткізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20__ ж. "__" _________ мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою туралы № ____ акт

      _________________________________________________________________

      ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің атауы

      _________________________________________________________________

      ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің толық

      мекенжайы________________________________________________________________

      Біз: ______________________________________________________________

      мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюға қатысқан тұлғалардың тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) жұмыс орны, лауазымы уәкілетті

      органның мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан

      шығару туралы ____ жылғы "__" ___________ № ______ шешімінің негізінде төменде

      аталған мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық

      құндылықтарын жойдық:

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы

Өлшем бірлігі

Саны

Жою үшін негіз

Жою тәсілі

Жойылған орны

Жойылған уақыты мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарын

      жоюға қатысқан тұлғалардың қолдары және Т.А.Ә.

      ______________/ ____________/ _______________________

      лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы