"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 425 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) рұқсаттар және хабарламалар;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) табиғи монополиялар және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жеке кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу;";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасау;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне арттыру коэффициентін қолдану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-2) Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындау;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы белгілеу қағидаларын бекіту;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) арнайы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және арнайы комиссия туралы ережені бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 54-2) және 54-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-2) концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымды айқындау;

      54-3) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "76-1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 96-1), 96-2), 96-3) және 96-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "96-1) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібін айқындау;

      96-2) тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындау;

      96-3) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектінің меншік иесінің (құқық иеленушісінің) өтініш нысанын бекіту;

      96-4) ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-1) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысанын және орналастыру кезеңділігін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "127-1) Әділет министрлігімен бірлесіп, ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 129-1) және 129-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "129-1) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгілік регламентін бекіту;

      129-2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту;";

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 156-1), 156-2) және 156-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "156-1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      156-2) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      156-3) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын келісу;";

      170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "170) жеке кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 171-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "171-1) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 174-1) және 174-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "174-1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;

      174-2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекіту;";

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "179) мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 179-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "179-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін айқындау;";

      200-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 200-5), 200-6) 200-7), 200-8), 200-9), 200-10), 200-11) және 200-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "200-5) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту;

      200-6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастыру;

      200-7) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізу;

      200-8) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастыру;

      200-9) туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін келісу;

      200-10) орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін келісу;

      200-11) мемлекеттік қаржылай қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету үшін тартылатын заңды (заңды) тұлғаны (тұлғаларды), қаржылай қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды келісу;

      200-12) мемлекеттік қаржылай қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету үшін тартылатын заңды (заңды) тұлғаны (тұлғаларды), қаржылай қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 216-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "216-1) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін айқындау;";

      240) және 241) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "240) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекіту;

      241) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 241-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "241-2) дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту;";

      242) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "242) квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 243-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "243-1) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі мен мөлшерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 264-1), 264-2) және 264-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "264-1) жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережені бекіту;

      264-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту;

      264-3) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекіту;";

      272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "272) ақпараттандыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялануға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      273) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "273) бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 273-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "273-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов