Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 316 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Уақытша схема бойынша Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 наурыздағы № 328 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 63-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 660 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1253 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 666 қаулысы.