Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияны айқындау және "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және од

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 282-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания болып белгіленсін.

      2. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесінде:

      4-тармақ алып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов