"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкім

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 297 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, агломерацияларды дамыту;";

      14-тармақта:

      1) тармақшаның он екінші абзацы алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының заңдарында ақпаратты қорғау бөлігінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталында жариялау;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) агломерацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары жөніндегі қорытындының жобасын жасау және оны Республикалық бюджет комисиясының қарауына енгізу;";

      83) тармақша алып тасталсын;

      162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "162) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды келісу;";

      166) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "166) агломерацияларды қалыптастыруды, дамытуды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді айқындау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 166-1), 166-2), 166-3), 166-4), 166-5), 166-6) және 166-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "166-1) агломерациялардың тізбесі мен құрамын әзірлеу;

      166-2) агломерациялар жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу;

      166-3) агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

      166-4) агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      166-5) жергілікті агломерация кеңесі туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      166-6) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдарына агломерацияларды дамыту мәселелері бөлігінде жәрдем көрсету;

      166-7) агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті агломерациялар кеңестерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;";

      181) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "181) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 194-1), 194-2), 194-3), 194-4) және 194-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "194-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын келісу;

      194-2) алдағы жылға ішкі нарықта кейіннен ірі коммерциялық тұтынушыларға және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға өткізуге арналған тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын келісу;

      194-3) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті теңгерімге және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келісу;

      194-4) коммуналдық меншіктегі кемінде жылына екі жүз мың жолаушы легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін әуежайларды субсидиялау тәртібін бекіту;

      194-5) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені келісу;";

      мынадай мазмұндағы 217-1), 217-2), 217-3), 217-4) және 217-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "217-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

      217-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібін және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы тәртібін айқындау;

      217-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің оларға қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс жабық болуы мүмкін тізбесін әзірлеу;

      217-4) тиісті саланың орталық уәкілетті органдары, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бекітетін жеке бастаманы іске асыру шеңберінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы келісу және сараптау тәртібін айқындау;

      217-5) тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар бекітетін жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы келісу;";

      220) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 220-1), 220-2), 220-3) және 220-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "220-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік конкурстық құжаттамаларын және үлгілік шарттарын қоса алғанда, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін келісу;

      220-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      220-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлу және олардың тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      220-4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      224) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 224-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "224-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторын айқындау;";

      232) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 241-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "241-1) мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидаларын бекіту;".

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1068 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1068 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 475 қаулысы.

      3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он төртінші, елу екінші және елу үшінші абзацтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов