Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы Мазмұны
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Жастар саясатын дамыту пайымы
5-бөлім. Дамудың негізгі принциптері мен тәсілдері
1-бағыт. Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
2-бағыт. Әлеуеті іске асыру және кәсіпкерлік
3-бағыт. Оқу-ағарту және мәдениет
4-бағыт. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие
6-бөлім. Мақсатты индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Қосымша. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары.
1-бөлім. Паспорт
1. Атауы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
2. Әзірлеу үшін негіздеме |
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 шілдедегі № 21-02/3693 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасын орындау. |
3. Бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, |
4. Іске асыру мерзімдері | 2023–2029 жыл |
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Жастар дамуының сапалы шарттары тұтастай алғанда ұлттың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Жастар саясатының рөлі мемлекет дамуының кешенді стратегиясын қалыптастыруда шешуші болып табылады. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында бағдарламалар мен жобалардың заңнамалық және институционалдық базасы қалыптасты, олардың мақсаты жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады. Әрбір нормативтік құқықтық актіні қабылдау кезінде мемлекеттік даму стратегиясындағы негізгі өзгерістер мен халықаралық саясаттың факторлары ескерілді.
Бүгінгі таңда жастар саясаты мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас және болашақты қалыптастырушы бөлігі ретінде мемлекет пен қоғам институттарының өзара әрекеттесу үрдістерін ескере отырып, ағымдағы сұраныстарға іс-қимылдың нақты алгоритмін талап етеді. Қаралып отырған әлеуметтік топтың құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларын қамтитын шаралар кешені болып табылатын ойластырылған жастар саясатын қалыптастыру мақсатында Қазақстан жастарының қазіргі даму үрдістерін белгілеу қажет.
Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 2250 қарарында ұлттық үкіметтердің жастар саясатын әзірлеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңге есептелген мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жастарды қолдаудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдаумен байланысты жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңі басталды. Бүгінде елімізде жастарды қолдауға арналған "Дипломмен ауылға!", "Серпін", "Жастар практикасы", "Жас маман", "Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй" және басқа да арнайы мемлекеттік шаралар, бірқатар жобалар мен бағдарламалар ұсынылған. Сонымен қатар, елдегі және әлемдегі белгілі бір даму үрдістері жастар саясатының қолданыстағы стратегиясын жаңартуды және жаңа тұжырымдаманы әзірлеуді көздейтінін атап өткен жөн.
Мемлекет басшысы 2022 жылдың 26 желтоқсанында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, тұжырымдамалық жаңалықтардың бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту болып табылады, бұл жастар санын 3,7 миллионнан 5,7 миллион адамға дейін арттырады.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі шаралары "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы және жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде көзделген.
Кешенді жоспар 10 бағыт шеңберінде 55 іс-шараны іске асыруды көздейді, олар оқыту және жұмысқа орналастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани-адамгершілік тәрбие беру, тұрғын үй мәселелерін шешу, құқықтық және экологиялық мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қамтиды.
"Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының (бұдан әрі – Ұлттық жоба) құрылымында жастар саясатының мәселелері "Тәуелсіздік ұрпақтары" III бағыты шеңберінде көрініс тапты және жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуды, жас қазақстандықтарды әлеуметтендіруді және жұмысқа орналастыруды және жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тартуды көздейді.
Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
Қазақстандық жастардың құндылықтары мен негізгі бағдарлары негізінен саяси емес салада орналасқан, ал саяси жаңалықтарға деген қызығушылық дағдарыстық оқиғаларға назар аударудан басқа қалыпты болып қала береді. Елдегі саяси реформалар мен қайта құрулардың қарқындылығына қарамастан, жастардың саяси жаңалықтар мен оқиғаларға деген қызығушылығы төмен болып қала береді. Сонымен бірге, жас қазақстандықтар заң бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік билік және бизнес институттарының қызметін мониторингтеу және қоғамдық бақылау функциялары болуға тиіс болашақ азаматтық қоғамның тірегі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Интернетті мазмұнды тұтынатын жастар жаңа пікір көшбасшыларының әлеуетті аудиториясын ұсынады, олар оған тартымды идеологияны көрсете алады, жастар арасында беделге ие болады және болып жатқан оқиғаларға өздерінің субъективті бағасын насихаттай алады.
"BRIF Research Group" зерттеуіне сәйкес Қазақстан жастары әлеуметтік желілерде күн сайын бірнеше сағат өткізеді. Қазақстан жастары арасында ең танымал әлеуметтік желілер: "Instagram", "Вконтакте" және "Youtube" (қалаға қарамастан).
Сонымен қатар, жас қазақстандықтар арасында ең танымал – "Вконтакте" әлеуметтік желісі (71 %), ол әсіресе жас топ арасында (15-18 жас) танымал. Екінші орында – "Instagram" (59%), бұл мектеп оқушылары мен студенттердің қызығушылығын арттырады. Өз кезегінде, "Facebook" (10%) Қазақстан жастары арасында аса танымал емес (әсіресе жас топтарда – 7 %).
Жалпы алғанда, зерттеулердің өзекті деректері әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блогтар – 60,3% жетекші орын алатынын көрсетеді. Бұдан әрі, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) жастар арасында танымал еместігі туралы кең таралған стереотиптерге қарамастан, 36,1% қазақстандық теледидар, газеттер, радио атап өтті. Іс жүзінде әрбір үшінші адам жаңалықтар мен оқиғалар туралы Қазақстандық интернет-ресурстар (29,5%) арқылы біледі. Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам негізгі ақпарат көзі ретінде 22,2% жақын ортаны атап өтті.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес 2019 жылдан бастап адам құқықтарын нығайту, заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында аса маңызды демократиялық реформалардың төрт пакеті жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2020 жылдан бастап заңнамалық деңгейде әйелдер мен жастар үшін сайлау партиялық тізімдерінде 30% міндетті квота көзделеді. Бұл шара жастар мен әйелдердің мүдделерін айқындауға және олардың мүдделерін саяси деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2021 жылғы қаңтарда өткен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудан кейін Мәжіліс депутаттары арасындағы әйелдердің үлесі 27,4% - ға жетті.
Жастардың елдің қоғамдық-саяси процестеріне тартылуы жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуымен, саяси партияларға мүше болуымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және мәслихаттарда өкілдік етуімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметіне қатысуымен айқындалады. Көп жағдайда жас қазақстандықтар саяси партиялардың мүшелері болып табылмайды (90,9 %). Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 2022 жылы 35 жасқа дейінгі 7 депутат болды, ал 2021 жылы сайланған мәслихат депутаттары арасындағы жастардың үлесі шамамен 7% немесе 228 адамды құрады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің саны 14 990 адамды немесе қызметшілердің нақты санының 83 963 адамның 17,9%-ын құрады. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің жалпы құрылымында – 57,5% орталық мемлекеттік органдарға жатады, 42,5% жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейді. 2016 жылдан 2023 жылға дейін мемлекеттік қызмет саласындағы жастардың өкілдігін талдау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жастардың үлесі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
Билік органдарында өкілдік ету және волонтерлік және өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысу жастардың саяси және азаматтық қатысуының қолданыстағы арналары мен қолжетімді нысандары болып табылады. Волонтерлік жастар арасындағы белсенді қызмет бағыты болып табылады, ал мемлекеттік қызметте және өкілді билік органдарында (мәслихаттарды қоспағанда) жастардың үлесі төмендеуде.
Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік
Мемлекет жастарға жеңілдетілген ипотека, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалары бөлігінде өзін-өзі жүзеге асыруға арналған көптеген құралдарды ұсынады.
Тұрғын үйге қол жетімділік және жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларының арасында жалға берілетін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека, сондай-ақ жастар өкілдеріне жеңілдікпен несие беру бағдарламалары бар. 2022 жылғы желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды. Осы құқықтық құжатта жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікті жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беру көзделеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында келесі бағдарламалар іске асырылуда.
"Бірінші жұмыс орны" жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектер (оның ішінде ЖОО түлектері), жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан, 29 жастан аспаған жастар арасындағы жұмыссыз адамдар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санаты үшін жүзеге асырылады. Жұмыс іздеп жүрген түлектердің "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу алғаш рет кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру бейіні бойынша жақын мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады. "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 1 жыл жұмыс үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) құрайды.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 6 ай жұмыс ішінде еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) құрайды.
Жаңадан бастаушы мен жас педагогтарға жағдай жасалған. Дарынды жастарды тарту және педагогикалық мамандықтарға үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру үшін оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) шекті балы 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды.
Жастар - өмірдегі кез келген өзгерістерге тез жауап беретін қоғамның ең белсенді бөлігі. Бұл тұрғыда жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді. "Қазақстан жастары" зерттеуі сауалнамаға қатысқан жастардың басым бөлігінде кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі жоқ екенін (79,2 %) көрсетті. Қалған 20% арасында: 5,6% сәтті де, сәтсіз де тәжірибеге ие; 4,9% сәтті тәжірибеге ие; 4,4% қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады; 4,1% сәтсіз тәжірибеге ие. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысатындардың ішінде: 7,3% респонденттер 24-28 жаста, 4,7% – 19-23 жаста және 1,2% – 14-18 жаста. Ауыл жастары кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінің бар екендігін жиі атап өтті (қала жастарына 17,7% қарсы 20,9%).
Жас қазақстандықтар арасында жұмыссыздық мәселесі өзекті болып қала береді. 2019 – 2021 жылдар кезеңінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа 2019 жылғы 3,7% – дан 2021 жылы 3,8% – ға дейін өсті, бұл ретте қалада - 4,1 %, ауылдық жерлерде - 3,2 %. Білімі төмен жастар жұмыссыздыққа көбірек ұшырайды. 2021 жылы 15-28 жас аралығындағы 77,6 мың жұмыссыздардың 33,9 мыңы немесе 43,7% - ы орта кәсіптік (арнайы) білімі және 12,5 мыңы немесе 16,1% - ы бастауыш және орта білімі бар. 2019 – 2021 жылдар кезеңінде NEET (not in Education, Employment or Training, бұдан әрі – NEET) (15-28 жас) жастарының үлесі 0,5%-ға аздап төмендеді (2019 ж. – 7,4 %, 2020 ж. – 7,1 %; 2021 ж. – 6,9%). 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде NEET санатындағы жастар қатарынан 234,5 мың адам бар, олар білімімен және жұмысымен қамтылмаған. Еліміз бойынша жастар арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылы 478,1 мың адамнан 2021 жылы 420,7 мың адамға, 2022 жылы 399,1 мың жастарға дейін азайды.
Жұмысқа орналасудағы қиындықтардан басқа, жастар еңбек нарығының талаптарына бейімделу қажеттілігіне тап болады. Фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлерді Жұмыспен қамтудың серіктестік формалары сияқты жаңа өндірістік технологиялардың пайда болуы еңбек нарығы мен білім беру саласын түбегейлі өзгертуде. Инновациялар мен жаңа гибридті жұмыс тәсілдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мансаптық үзілістер мен оқытуға қол жеткізу үшін жұмыс күшін өзгерту икемділігі қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды "сұр аймақтан" шығару мәселесі өзекті болып қала береді, бұл үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және депутаттық корпустың бірлескен жұмысы болуы тиіс.
Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтардың беделі төмен. Сонымен қатар, бүгінде Қазақстанда шаштараздар, макияж суретшілері, косметологтар, химиялық тазалау жұмысшылары және киімді жеке тігу және жөндеу шеберлері, пәтерлерді, жиһаздарды, электр тұрмыстық аспаптарды, телеаппаратураларды жөндеу жөніндегі мамандар, фотостудия қызметкерлері және басқалар сияқты мамандарға сұраныс артып келеді. Орта мерзімді перспективада еңбек нарығының дамуындағы әлемдік тенденциялар қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтудың өсуін көрсетеді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні әлеуеті мен мүмкіндіктері қолда бар функционалды орындаумен қатар көрсетілген қосымша функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін Жастар ресурстық орталықтары (бұдан әрі - ЖРО) маңызды мәселе болып табылады. Осы ұйымдар қызметінің тиімділігі туралы бірқатар мәселелер бар, мысалы, ЖРО-ның пассивті жұмысы және жастардың олардың бар екендігі туралы хабардарлығының төмен деңгейі, ЖРО рөлінің айқын еместігі және қолданыстағы бейіндік қызметтердің функцияларының қайталануы, ЖРО-дағы жалақының төмен деңгейі, соның салдарынан кадрлардың ауысуы және қызмет көрсетудің кез келген сапасы және жастардың әлеуметтік осал бөлігінің ресурстық орталықтарына тартылуы. Аталған жағымсыз факторлар ЖРО-ны стартап-инкубаторлар және Өңірлік даму орталықтары ретінде іске асыруды қиындатады.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ЖРО-ның ең тиімді қызметтеріне "Жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту", "Жастарды жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға даярлауға жәрдемдесу", "Жастар арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және технологияларды дамытуға жәрдемдесу" жатады. ЖРО-ның негізгі міндеттерінің бірі жастармен, әсіресе NEET-жастар сияқты осал топтармен атаулы жұмыс жүргізу.
Гранттық қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру мониторингі мәселесі бар. Осыған қарамастан, бұл міндет кәсіпкерлікті ұйымдастырушылық, қаржылық және өзге де қолдау проблемаларын анықтау, істердің нақты жағдайын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін орындаумен байланыстыру тұрғысынан өзекті болып табылады.
Ағарту және мәдениет
Білім беру саласында бакалавриат бағдарламаларына 2022 жылы 170 мың мектеп түлектеріне 56 мыңға жуық грант бөлінді, бұл ретте білім беру гранттарын беру конкурсына тек 80 мыңға жуық грант қатысты. Магистратура және докторантура бағдарламаларына сәйкесінше 13 және 2 мыңға жуық грант бөлінді. Сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасы мен Назарбаев Университеті жұмыс істейді, оған 445 және 1 мыңнан астам грант бөлінді. "Тесһdda" IT-мамандарын даярлау бағдарламасы іске асырылуда. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның 20 мың азаматы үшін IT-мамандықтарға оқыту қаржыландырылатын болады.
ЮНЕСКО деректері бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларымен (бұдан әрі - ТжКБ) қамтылған 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі 14,66%-ды. құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 18% -ды. құрайды. Қазақстанда оқу құны жылына 250 мыңнан бірнеше ондаған миллион теңгеге дейін өзгереді. Жоғары шығындар мектеп түлектері мен студенттердің шетелге кетуіне ықпал етуі мүмкін.
"Қазақстан жастары" зерттеуінің нәтижелері жастардың алған біліміне қанағаттану деңгейі бұрынғы деңгейде қалғанын көрсетті, 2021 жылмен салыстырғанда - 79,3 % (2022 жыл) (79,5 %) болды. Қазіргі заманғы еңбек нарығының байқалған трансформациясы жұмыс берушілердің дипломға деген адал көзқарасын және жұмыс іздеушілерді жұмысқа қабылдау кезінде белгілі бір дағдылар жиынтығына – skill set қажеттілігінің артуын көрсетеді. Жұмыспен қамту нарығындағы трендтер біліктілікті арттыруға және lifelong learning-ке бағдарлануға неғұрлым саналы көзқарасқа әкеледі: жас қазақстандықтардың 23,5% - ы үздіксіз білім алуға тартылған.
Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие
Қазақстандағы жастар көп жағдайда тұрғын үй, су және санитария, тамақтану және базалық медициналық көмек, базалық білімге қол жеткізу, ақпарат пен коммуникацияларға қол жеткізу сияқты базалық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жеке құқықтар, инклюзивтілік, денсаулық пен әл-ауқат және жеке қауіпсіздік сияқты постматериалистік құндылықтар мен қажеттіліктер толық қамтамасыз етілмеген.
Қазақстандық жастардың құндылық бағдарлары қалыпты түрде өзгеруде. Дәстүрлі құндылықтардың басым болуы қоғамдық дамудың негізгі тренді болып қала береді. Отбасы жас қазақстандықтардың өмірлік стратегиялары мен мақсаттарының қалыптасуына, дүниетанымы мен қоршаған әлемге деген сеніміне әсер етеді. Постматериализм мен индивидуализмге ұрпақаралық көшу Қазақстанда болжанғаннан баяу жүруде. Жас қазақстандықтар қоғамдық ұйымдарда және көлденең бастамаларда сирек кездеседі.
Мәдени құндылықтар Р.Инглехарта (2017), картасымен өлшеу қорытындысы бойынша Қазақстанның ұстанымы жалпы бейтарапқа жақын, зайырлы құндылықтарға қарағанда дәстүрлі құндылықтарға аздап бейімділікпен және өзін-өзі көрсету құндылықтарымен салыстырғанда өмір сүру құндылықтарына айтарлықтай бейімділікпен сипатталады.
"Қазақстан жастары" зерттеуінің деректері бойынша респонденттердің құндылық қатарында бірінші орындарда отбасы (респонденттердің 83,3% жауаптарына сәйкес), денсаулық (64,2%), достық (40,7%), материалдық қамтамасыз етілген өмір (39,3%), махаббат (22,8%), қызықты жұмыс, мамандық (19,6%) және білім, білім (19,5%). Отбасы мен денсаулық құндылықтарының білімге үстемдігі жастардың өмір сүру құндылықтары деп аталатындығын көрсетеді.
Отбасының құндылықтар шкаласына ғана емес, сонымен қатар практикалық мінез-құлыққа әсері World Value Survey (2018) 7-ші толқынының зерттеу нәтижелерімен расталады. Қазақстандағы жастардың 92% - ы үшін өмірдегі маңызды мақсаттардың бірі ата-аналарға өздеріне деген мақтаныш сезімін ояту болып табылады.
Алайда, жаһандық трендтер қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарының өзгеруіне сөзсіз әсер етеді. BANI дәуірі (аббревиатура, ағылш. адамзат бастан кешіп жатқан нәзік, мазасыз, сызықты емес, түсініксіз) жас қазақстандықтар бейімделуі қажет жаңа болжанбайтын шындыққа айналды. Вок-мәдениеттің пайда болуы (ағылш. "woke" - оянған), әлеуметтік, этникалық және гендерлік теңдік мәселелеріне көбірек көңіл бөлу, гомогенизацияны тудыратын жаһандану, COVID-19 пандемиясы және экологиялық күн тәртібі мүлдем жаңа құндылық негізін құрайды.
Ақпараттық кеңістік
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі "Қазақстан 2020: болашаққа жол" тұжырымдамасымен барлық мүдделі тараптардың күш-жігері жастардың қажеттіліктері мен жастар ортасындағы үрдістерді ескеретін мақсатты ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз етілетіні айқындалды. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың базалық қағидаттарының бірі ретінде іске асырылатын бағдарламаларды мақсатты ақпараттық сүйемелдеу белгіленді.
Бұдан басқа, ақпараттық аспект салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды мәдени құндылықтарға баулу сияқты жастар саясатын іске асыру бағыттары шеңберінде қатысады. Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Жастар" ҒЗО жүргізген "Қазақстан жастары" әлеуметтік зерттеуінің нәтижелері бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудың маңызды сәттерін көрсетеді. Респонденттердің төрттен бір бөлігі (24,8%) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы жобалар туралы хабардар емес.
Жастар өкілдерінің хабардарлығының жоғары деңгейін "Zhas Project" (71%), президенттік Жастар кадрлық резерві (69%), "Серпін-2050" (64,5%), "Жас кәсіпкер" және "Барлығына тегін және техникалық білім беру" (59,1%), "Құқықсыз жалға берілетін тұрғын үй" сияқты жобалар көрсетеді (55,1%) және "Жастар практикасы" (53%).
Салауатты өмір салты
Жастардың дамуының қазіргі жағдайлары, соның ішінде COVID-19 жаһандық салдары жас ұрпақтың денсаулығына жаңа қауіптер мен сын-қатерлерді анықтады. Елімізде менталдық және репродуктивті денсаулық, буллинг, лудомания, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі мәселелері өзекті болды. Нәтижесінде жастар денсаулығына әсер ететін жаңа проблемаларға тап болады.
Дене белсенділігі салауатты өмір салты мен жоғары өмір сапасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 2022 жылы "Жастар" ҒЗО-ның әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, ел жастарының тек 22,5%-ы дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысады. Жастардың 39,1% - дан астамы дене шынықтырумен және спортпен айналыспайды немесе оны тұрақты емес түрде жасайды. Ұсынылған деңгейде күнделікті физикалық белсенділік мектеп оқушыларының 34%-ы анықталды және 13 жастан 15 жасқа дейін төмендейді, бұл әсіресе қыздар арасында байқалады.
Темекіні тұтыну қазақстандық жасөспірімдердің мінез-құлқындағы проблема болып қала береді. 18-29 жас аралығындағы жастар арасында темекі шегудің таралуы 27,4% құрайды. Электрондық темекіні (вейптерді) жастардың 15,8% тұтынады, ал электрондық темекіні күнделікті тұтынушылардың үлесі 4,9% құрайды. Темекі шегумен танысу тәжірибесі бар жасөспірімдердің үлесі ұлдар мен қыздар арасында жасына байланысты (11 жастан 15 жасқа дейін) үш есеге артады, ал көрсеткіштер 13 жастан 15 жасқа дейін айтарлықтай артады. Бір қызығы, ауылдық жерлерде тұратын жасөспірімдер қаладағы жасөспірімдермен салыстырғанда темекі шегу ықтималдығы аз.
Дұрыс емес тамақтану (алкогольді, қантты газдалған сусындарды тұтыну) жұқпалы емес аурулардың дамуының жетекші қауіп факторларының бірі болып табылады. Көрсеткіш алкогольді қауіпті дозада қолдану (p<0,001) жастар арасында 6,4% құрайды. 18-29 жастағы балаларда көкөністер мен жемістердің күнделікті тұтынуының таралуы 35,9% құрайды. Қантты газдалған сусындарды күнделікті тұтыну жастар арасында жиі кездеседі – 20,6 %.
Қазақстан 15-29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылатын және жол-көлік оқиғаларынан, туберкулезден және тұлғааралық зорлық-зомбылықтан кейін төртінші орында тұрған суицид жағдайларының саны бойынша әлемде көшбасшы орындардың бірін алады. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер тобында аяқталған суицидтер саны 5 жылда (2017-2021 жж.) 13,3%-ға, суицидтік әрекеттер – 37,1%-ға өсті. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зерттеуіне сәйкес, әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Сапалы және қолжетімді психологиялық көмек алу мүмкіндігінің болмауы мәселесі өзекті болып қала береді.
Жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығының жай-күйін талдау жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша денсаулық сақтау ақпараты мен қызметтеріне қолжетімділігінің төмен деңгейін көрсетеді.
Жыныстық өмір тәжірибесі бар 15-19 жас аралығындағы жастардың үлесі ұсынылған жас тобының 29,4% құрайды. Жастардың 20%-ы әлеуметтік-демографиялық параметрлеріне қарамастан, бірнеше серіктестің болуына және тосқауылдан қорғау құралдарын пайдаланбауына байланысты өздерін жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (ЖЖБИ) жұқтыру қаупіне ұшыратады. 15-19 жас аралығындағы жыныстық белсенді жастардың 14,8% - ы соңғы 12 айда ЖЖБИ белгілерінің кем дегенде біреуінің бар екенін атап өтті, олардың көпшілігі (62,6%) медициналық көмекке жүгінбеді.
"Қазақстан жастары – 2022" Ұлттық баяндамасының деректеріне сәйкес, 2016-2021 жылдары жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қатысты жағдай өте қолайсыз болып қалуда, өйткені олармен сырқаттанушылық деңгейі дамыған елдердегіден он есе жоғары. Сондай-ақ, Қазақстан АИТВ-инфекциясы жағдайларының тіркелуінің өсуі байқалатын әлемдегі санаулы елдердің бірі. Мәселен, 2016–2021 жылдары 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 39-дан 53-ке дейін артып келеді. Денсаулық сақтау жүйесінде жасөспірімдер мен жастар Қазақстан Республикасы халқының репродуктивті мінез-құлқының ұлттық зерттеулері 15-19 жасқа дейінгі сексуалдық белсенді қыздардың қазіргі заманғы контрацепциямен төмен қамтылуын көрсететініне қарамастан, контрацепцияның заманауи құралдарымен тегін қамтамасыз ету үшін тәуекел топтарына енгізілмеген.
Ауыл және жастар
Жастардың ішкі көші-қоны, атап айтқанда жастардың қалалық жерге көшуі ауылдың маңызды әлеуметтік проблемасын білдіреді. Жалпы ауыл тұрғындарының көші-қон деңгейімен салыстырғанда, ауылдан қалаға 30 жасқа дейінгі жастардың саны 2-3 есе көп.
Ішкі көші-қонның негізгі факторы жастарды жұмыспен қамту мәселесі болып табылады. Ауыл жастарының жұмыссыздық проблемасын шешу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру талап етіледі, бұл экономикалық өсу, агросфераның жедел дамуы жағдайында ғана мүмкін болады.
Ауыл жастарының еңбекке қабілетті халықтың басқа топтарымен салыстырғанда әлсіз бәсекеге қабілеттілігі оқу орнын бітіргеннен кейін жеткілікті біліктіліктің болмауына, сондай-ақ жұмыс берушілердің жас қызметкерлерді кәсіптік оқытуға байланысты қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарды көтеруге құлықсыздығына байланысты. Сонымен қатар, кемшіліктермен қатар, ауылдық жерлердегі жастар жас ерекшеліктерімен анықталатын айтарлықтай артықшылықтарға ие: алдағы еңбекке қабілеттіліктің ұзақ кезеңі, физикалық денсаулық пен төзімділіктің ең жақсы көрсеткіштері және жоғары көші-қон ұтқырлығы.
Өңірлік проблема жастардың ауылдық жерлерден көші-қон ағыны, соның салдарынан өңірлердегі жұмыс күшінің үлесінің төмендеуі болып қала береді. Сонымен қатар, ауыл жастары жұмысқа орналасуда, соның ішінде қалаға көшу кезінде үлкен кедергілерге тап болады. Сонымен қатар, ауыл және қала жастары арасында Цифрлық сауаттылық деңгейінде алшақтық бар.
Жастар саясатының дамуына жүргізілген SWOT-талдау қорытындысы бойынша қолданыстағы жүйенің күшті және әлсіз тараптары анықталды.
Күшті тараптары:
1. "Бірінші жұмыс орны", "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты", "Қоғамдық жұмыстар", "Әлеуметтік жұмыс орындары" және т. б. сияқты жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру;
2. NEET жастарының үлесін (15-28 жас) 2019 – 2021 жылдар кезеңінде 0,5 п. т., 6,9% дейін төмендету;
3. Сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған орындарды квоталау (міндетті квота 30%);
4. Педагогикалық мамандықтарға үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру үшін оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) шекті балы 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды;
5. Жастардың алатын біліміне қанағаттануының жоғары деңгейі (79,3%);
6. Lifelong learning-ке біліктілікті арттыру мен бағыттауға саналы көзқарас: жас қазақстандықтардың 23,5% - ы үздіксіз білім алуға тартылған;
7. Қазақстандық жастардың құндылық бағдарларының қалыпты трансформациясы.
Әлсіз тараптары:
1. Жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының жүйелік емес сипаты және еңбек нарығының қазіргі қажеттіліктерімен әлсіз үндестіру. Қалада жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,1 %, ауылдық жерлерде – 3,2% құрайды.
2. Жастардың саяси өмірге қатысуының төмен деңгейі және олардың мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау. Жас қазақстандықтардың 90% - дан астамы саяси партиялардың мүшелері болып табылмайды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жастардың өкілдігі 2016 жылдан 2023 жылға дейін тұрақты түрде төмендеді.
3. Әкімдіктер жанындағы жастар жөніндегі Кеңестер құрамының жастар саясатын тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен үлестес болуы. Әдетте, кеңес төрағасы әкім, ал қатысушылар - әкімдік қызметкерлері болып табылады. Кейбір жағдайларда кеңестің болуы ресми немесе Кеңес мүлдем жоқ. Сондай-ақ, кеңестердің қызметін ақпараттық жария етудің төмен деңгейі олардың жұмысының ашықтығының болмауына алып келеді.
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жоғары құны мектеп түлектері мен студенттердің шетелге кетуіне ықпал етеді. 170 мың мектеп түлектерінің 80 мыңға жуығы ғана білім беру гранттарын беру конкурсына қатысты.
5. Қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарында білім алушылар көрсететін нәтижелердегі елеулі саралау. Білім сапасының айырмашылығы аймақтар арасында да байқалады.
6. Жастарға арналған қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларда келесі шектеулер бар. Қолжетімді тұрғын үй сатып алу жөніндегі бағдарламалардың шарттарына мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерде жұмысқа орналасқан жастар ғана жатады. Жалдамалы тұрғын үй елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың жұмыс істейтін жастары үшін ғана қолжетімді, олардың табысы 100 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, "Жастар" ҒЗО жүргізген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бойынша жастардың 15% - ға жуығы 100 мың теңгеден аз табысқа ие. Сонымен бірге, республиканың басқа қалаларында тұратын жастардың көпшілігі өңірлерде осындай бағдарламалар болмауына байланысты мұндай бағдарламаларға қатысудан автоматты түрде бас тартады;
7. Жастар ортасында салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру бойынша ақпараттық жұмыстардың жеткіліксіздігі. Жас қазақстандықтардың дене белсенділігі төмен және дұрыс тамақтанбауға бейімділігі бар. Сонымен қатар, жастар ортасында құрамында никотин бар өнімдерді тұтынудың өсуі байқалады. Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша денсаулық сақтау қызметтері туралы аз хабардар болу мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Сонымен қатар, өзекті мәселе ақыл-ой денсаулығына ұқыпты қарау мәдениетін насихаттау.
8. Жастар бағдарламаларының онлайн қолжетімділік туралы жүйеленген ақпарат жоқ: респонденттердің төрттен бірі (24,8%) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы жобалар туралы хабардар емес;
9. Ауылдың әлеуметтік мәселесі: жастарды қалалық жерге көшіру. Жалпы ауыл тұрғындарының көші-қон деңгейімен салыстырғанда, ауылдан қалаға 30 жасқа дейінгі жастардың саны 2-3 есе көп. Ауыл жастары еңбекке қабілетті халықтың басқа топтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі төмен.
Мүмкіндіктер:
1. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды "сұр" аймақтан шығару;
2. Мансап пен оқудағы үзілістерге қол жеткізу мүмкіндігімен жұмыстың инновациялық, гибридті тәсілдерін енгізу;
3. Өңірлерде цифрлық сауаттылықты дамыту;
4. Қызмет көрсету секторының өсуіне байланысты жастар арасында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру;
5. Өңірлік даму орталықтары ретінде ЖРО әлеуетін іске асыру;
6. Волонтерлік және өзге де қоғамдық ұйымдарды қызметке тарту арқылы жастардың азаматтық қатысуын дамыту.
Қауіптер:
1. Азаматтық белсенділіктің төмен деңгейі әлеуметтік оқшаулану мен баяу кәсіби әлеуметтену және еңбек нарығына бейімделу факторларының бірі болып табылады;
2. Жастардың қалаған табыс деңгейі нақты деңгейден айтарлықтай ерекшеленеді. Ұлттық баяндама шеңберінде жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша 2021 жылы респонденттердің 45,2% - ы "100 мың теңгеден аз" мөлшерінде "200 мың теңге шегінде" табыс алды;
3. Жастардың өзін-өзі көрсету құндылықтарымен салыстырғанда өмір сүру құндылықтарының басым болуы;
4. Деструктивті идея идеологиясын насихаттау бөлігінде әлеуметтік желілердің жастарға ықтимал теріс әсері.
Осыған байланысты жастар саясатын дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындау және іске асырылып жатқан жобаларды біртұтас жүйеге біріктіру қажеттілігі туындады. Жаңа Тұжырымдама құқықтық салада бекітілген жастардың өзін-өзі жүзеге асыруын ынталандырудың тетіктері мен құралдарын түгендеуге және біріктіруге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарына енгізілген іс-шараларды іске асыру жастар саясатының мынадай салаларын дамытуға мүмкіндік береді:
- жаңа білім беру кеңістігін қалыптастыру;
- салауатты өмір салты;
- құқықтық мәдениет және мәдени құндылықтар;
- жастарды жұмысқа орналастыру шарттары;
- жастарға арналған қолжетімді баспана жүйесі;
- жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі жүзеге асыруы;
- ғылыми-зерттеу және ақпараттық қамтамасыз ету;
- цифрлық сауаттылық.
Тұжырымдамада көзделген қолдау шараларын іске асыру жастардың зияткерлік қабілеттерінің деңгейі мен сапасын арттырады, креативті индустрияны дамытуға қатысудың тартымдылығын күшейтеді, экономиканың жаңа секторларында жастар үшін жаңа жұмыс орындарын құрады, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында басқарушылардың жаңа пулын өсіреді, NEET жастарының санын және жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды төмендетеді.
Қазақстан жастары әлемдік жаһандық еңбек және идеялар нарығында тең дәрежеде бәсекелесетін болады.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
Жастар саясатын іске асырудағы тәсілдерді жаңарту тұрғысында мынадай үрдісті атап өткен жөн: үкімет осы әлеуметтік топты саяси сипаттағы стратегиялар мен өзге де құжаттарды әзірлеу процесіне белсенді және кеңінен тартуға ұмтылады. Жастар саясатын дамытудың шетелдік тәжірибесі мен ағымдағы үрдістерін талдау барлық жастар стратегияларының негізгі мақсаты жас ұрпақтың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатынын көрсетеді. Еуропалық жастар саясаты кеңесінің бағалауы бойынша оның жетістігі бес құрамдауышпен айқындалады ("С" "бес қағидасы"):
1. Coverage – қамту (қамтылған географиялық аудандар мен әлеуметтік топтар мен саясат салаларының артықшылықтары).
2. Capacity – әлеует (жастар үкіметтік емес ұйымдарының рөлі және үкіметпен өзара қарым-қатынас).
3. Competence – кәсібилік (кадрларды даярлау және біліктілік мәселесі).
4. Co-operation, co – ordination and coherence – ынтымақтастық, үйлестіру және келісімділік (иерархиялық және көлденең).
5. Cost – құны (қажетті қаржылық және адами ресурстар).
Сонымен қатар, Еуропа елдері жастар саясатының қолданыстағы моделін ескере отырып, осы құрамдауыштардың түрлі жиынтығын көрсетеді.
Жалпы, жастар саясатын іске асырудың қазақстандық моделі "Бес "С" ережесіне сәйкес келетіндігін атап өту қажет.
Жастар саясатын дамытудың өңірлік және ұлттық бағдарламалары
Жастар саласындағы ең ірі әлемдік алаңдардың бірі – 1996 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Еуропалық жастар форумы (ЕЖФ). Еуропалық деңгейдегі үкіметтік емес қауымдастығы бола отырып, ЕЖФ 100-ден астам халықаралық үкіметтік емес жастар ұйымдары мен Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің ұлттық жастар кеңестерін біріктіреді және жастар саласындағы Еуропалық Кеңес пен ЕО институттарының танылған серіктесі болып табылады. Жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы мен қатысуы ЕО елдерінің ұлттық жастар саясаты үшін ЕЖФ әзірлеген 11 негізгі индикаторлардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ, жастардың азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси қатысу мәселелері ЕО-ның 2019–2027 жылдарға арналған жастар стратегиясының басында тұр. Атап айтқанда, ЕО мен Еуропалық комиссияға мүше мемлекеттерге жастардың әлеуметтік және азаматтық белсенділігін қолдаудың түрлі құралдары ұсынылады. Өңірлік бағдарламалардың ұсынымдарын ескере отырып, Еуропа елдері жастардың қоғамды дамытуға белсенді қатысуын қолдау мақсатында өздерінің ұлттық бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
Өзбекстан
- "Yoshlar — kelajagimiz" мемлекеттік бағдарламасы ("Жастар — біздің болашағымыз"). Бағдарлама 2018 жылғы маусымда қабылданды және жастардың бизнес-бастамалары, стартап, идеялары мен жобаларын іске асыруға жәрдемдесу және қолдау, жұмыспен қамтылмаған жастарды бизнесті жүргізудің қажетті мамандықтары мен дағдыларына оқыту, сондай-ақ оның жалпы әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыру арқылы жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
- Жастар дәптері
Жұмыссыз жастар "жастар дәптеріне" енгізілетін болады. Осы тізімдер негізінде халықтың мұқтаж топтарымен атаулы жұмыс ұйымдастырылатын болады. "Жастар: 1+1" бағдарламасы аясында ұлдар мен қыздарды кәсіпкерлерге бекіту, олардың іскерлік дағдыларын дамыту, оларға жеңілдікті кредиттер беру және өз ісін ашуға көмектесу ұсынылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жағдайында нысандарды, кеңсе техникасы мен шығын материалдарын жеңілдікпен жалға алу, Интернетке қол жеткізу және бизнес-жоспарларды әзірлеуді, консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік және басқа да қызметтерді, форумдарды, шебер-сыныптар мен семинарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, басқа да жәрдемдесу үшін коворкинг-орталықтар салу жоспарланған.
Өзбекстанның тәжірибесін жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдай жасау кезінде, атап айтқанда креативті кластерлер, хабтар, бизнес - инкубаторлар мен акселераторлар құру кезінде қолдануға болады.
Финляндия
Өңірлік деңгейде жастар жұмысы мен жастар саясатын облыстық мемлекеттік ведомстволар Білім және мәдениет министрлігінің басшылығымен жүзеге асырады. Олардың міндеттеріне келесі бағыттар бойынша жұмыс кіреді: жастарды жұмыспен қамту, табыстар, тұрғын үй, білім беру және кәсіби дайындық, денсаулық сақтау және бос уақыт. Олар өңірлік мониторинг, бағалау және жастардың өмір сүру жағдайларын дамытуды жүргізеді. Экономикалық даму, көлік және қоршаған орта орталықтары жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті билік органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Балалар мен жастар саясаты бағдарламасы муниципалитеттерді жергілікті деңгейде жүзеге асыру ережелері және модельдерімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көптеген муниципалитеттер жастар саласында өздерінің бағдарламаларын жүзеге асырады. "Жұмыспен қамту және экономикалық даму кеңсесі" (Employment Economic Development Office). Финляндия аумағында табысты жұмысқа орналасу үшін жоғары оқу орындарының түлектері белсенділік танытып, мансаптық опциялармен және бос орындармен үнемі танысып, кәсіби саладағы оқиғалардан хабардар болып, жұмыс берушілермен байланысудан тартынбауы керек. Финляндияның тәжірибесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан жастарға арналған ақпараттық-консультациялық көмекті (білім беру, заңгерлік, психологиялық және т.б.) ұйымдастыру бөлігінде өңірлік ерекшелікті ескере отырып, Қазақстанда имплементациялау үшін маңызды.
Австралия
Жастардың еңбек перспективалары
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жастардың еңбек перспективалары" бағдарламасы аясында оқудан бас тартуға бейім жастарға көмек көрсетіледі. Ол "Австралиядағы кәсіби қызмет бойынша кеңес беру" деп аталатын үлкен бастаманы толықтырады, оның аясында жастарға мектепті бітіргеннен кейін білімін жалғастырмау немесе мамандық алу немесе жұмыс іздеу қаупі туындаған кезде белсенді жеке көмек пен қолдау көрсетіледі.
Қазақстанда кәсіптік бағдарлау қызметін жетілдіру шеңберінде Австралияда тәжірибе жасап жүрген жастармен жұмыс істеудің атаулы кейстерін интеграциялау көзделеді.
Катар
Катарда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастарды тәрбиелеу процесі жүйеленген. Әсіресе елдегі, әлемдегі және аймақтағы оқиғалар туралы анық, сенімді ақпарат беру негізінде. Осыған байланысты "QatarDebate Center" ұлттық ұйымы орталық телеарнада қоғамдық және халықаралық мәселелер бойынша жастардың пікір алмасуына арналған арнайы бағдарлама ашты.
Қазақстанда жастар пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. Катар тәжірибесі жастарды дамытудың өзекті трендтерін талқылау шеңберінде өңірлік және халықаралық диалог алаңдарын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Біріккен Араб Әмірліктерінде (бұдан әрі – БАӘ) Үкімет жастардың қоғамның әл-ауқатына үлес қосу жауаптылығын, жаңашылдығын, рөлі мен мүмкіндіктерін арттыруға үлкен мән береді. Жастар өмірлік маңызды салаларға қатысуын ынталандыру үшін федералды және жергілікті деңгейде институттар құру арқылы өз таланттарын ашуға, шығармашылық қабілеттері мен идеяларын көрсетуге шақырылады.
БАӘ-де жастар саясатын іске асырудағы тәсіл стратегиялық және заңнамалық тәсілге негізделген, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң және бірқатар тұжырымдамалық құжаттар қолданылады. Сонымен қатар, талантты жастарды қолдау бойынша шаралар кешенін ұйымдастыруда БАӘ тәжірибесін қолданған жөн.
Германия
Германияда Қазақстанмен ұқсастығы бойынша мемлекет есебінен қаржыландырылатын жастар орталықтары бос уақыт үшін ғана емес, қажет болған жағдайда нақты көмек ұсынады. Мысалы, Жастар кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес ала алады, мектептегі қақтығыстарды немесе есірткі мәселелерін қалай шешуге болатындығы туралы сұрақтар қоя алады. Германияның үлгісі бойынша Қазақстан патологиялық тәуелділікті болдырмау шеңберінде психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының алдын алуға бағытталған консультациялық қызметтердің функционалдығын кеңейте алады.
Жапония
Жапонияда 703-тен астам жастар орталығы жұмыс істейді. Көп жағдайда бұл орталықтар жастармен, мектептердегі ата-аналармен консультациялар өткізеді. Сонымен қатар, орталықтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан оралған жастарды әлеуметтендіру болып табылады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, елде орта білім туралы дипломы жоқ азаматтарға қолдау көрсететін 160-тан астам RYSS (Regional Youth Support Stations) орталықтары жұмыс істейді. Жапон жастар орталықтарында салауатты өмір салтын насихаттау тәжірибесін Қазақстандағы 191 жастар денсаулық орталығында жастарды психикалық және репродуктивті денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуды арттыру мақсатында қолданған жөн.
Эстония
Сонымен қатар, Эстонияның жастар орталықтарының әлеуетін дамыту мен сапалы пайдалану саласындағы тәжірибесі ерекше. Эстонияда жастар орталығы – бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұйымдастыратын жастармен жұмыс істейтін мекеме. Сондай-ақ, Эстония университеттерінде "Жастармен жұмыс" мамандығы оқытылады.
Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға түзетулер қабылдана отырып, қазақстандық заңнамада "жастармен жұмыс жөніндегі маман" ұғымы бекітілді, оның шеңберінде біліктілік сипаттамалары мен лауазымдық нұсқаулықтар бекітілді.
4-бөлім. Жастар саясатын дамыту пайымы
2029 жылға қарай орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам және бизнес институттарының құзыреті мен жауапкершілік аймағын нақтылайтын ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді моделінің арқасында нәтижеге бағдарланған Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты құрылды.
Жастармен өзара іс-қимыл тетіктері қоғамдық қатынастардың барлық салаларына интеграцияланатын болады.
Патриоттық құндылықтар негізінде қалыптасқан азаматтық белсенді жас ұрпақ мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде ұсынылатын болады.
Тұрақты жұмыспен қамту жастардың жоғары табысымен бірге ұлт
әл-ауқатының негізіне айналады.
Бәсекеге қабілетті ауыл жастары мемлекет өміріне белсенді қатысады.
Жастар ортасында салауатты өмір салтын ұстану мінез-құлық нормасына айналады.
Жас қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жастардың білім беру және кәсіби өсуі, оның қоғамның қоғамдық-саяси өміріне тартылуының жоғары дәрежесі экономикалық дамуы жоғары елдер тобына қосылуға мүмкіндік береді.
5-бөлім. Дамудың негізгі принциптері мен тәсілдері
Мемлекеттік жастар саясаты:
Мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
Азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
Конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылық;
Ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.
Негізгі тәсілдер:
Тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттік жастар саясаты саласындағы үйлесімді іс-қимылдарды, азаматтық белсенділік, кәсіпкерлік, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты, мәдениет және білім беру бағыттары бойынша үйлестіруді көздейді. Осы Тұжырымдаманың негізгі тәсілдері жастардың әлеуетін дамытуға, жастарды мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен бизнес-қоғамдастықтың кең өзара іс-қимылы негізінде әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге интеграциялауға бағытталған.
5.1. Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
Жастар саясаты әлеуметтік желілердің белсенді дамуы қазақстандықтардың нақты өміріндегі әлеуметтену қарқындылығының төмендеуіне әкелетінін ескеретін болады, ал онлайн әлеуметтену жастарға оқиғалардан үнемі хабардар болуға, кез келген ақпараттық себепке бірден жауап беруге мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері жаһандық желіде белсенді қатысуға бағытталатын болады.
Волонтерлік жобаларды қиылысу нүктелері мен әлеуеті бар салаларда: бейресми білім беру, ғылыми қызмет, спорт және т.б. бастау және дамыту ұсынылады, өйткені жинақталған тәжірибелер жиынтықта басқа салаларға жиынтық әсер етуі мүмкін. Бұл бағыттар жастар волонтерлігі саласындағы гранттық қаржыландыру тақырыптары мен көлемін кеңейту қажеттігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда қолда бар қоғамдық бақылау институттарын оларға қоғамдық пікір көшбасшыларын енгізе отырып, нақты қолданыстағы тетіктерге айналдыру қажеттілігі туындап отыр. Жастардың саяси қатысуы жергілікті өзін-өзі басқару тетігі арқылы іске асырылатын болады. Атап айтқанда, қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бәсекелестік, адал сайлау өткізу және оларға жастардың қатысуы сыни қоғамдық әлеуетті тартуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты жастардың мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға, жастардың ғана емес, жалпы қоғамның проблемаларын шешуге жәрдемдесуге деген ұмтылысы көтермеленетін болады. Әр түрлі елдердің тәжірибесі жастар парламентаризмі идеясын ілгерілетудің орындылығын көрсетеді.
Кеңестердің сапалық құрамы мен функционалдығы бөлігінде Кеңес мүшелерін ротациялау жүйесі және әртүрлі әлеуметтік топтар мен кәсіптерден (азаматтық сектор, бизнес, медиасфера, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, өнер және т.б.) кеңестер құрамындағы жастардың өкілдігін қамтамасыз ету және соның салдарынан жастармен кері байланыс орнату енгізілетін болады. Кеңестер 18-35 жас аралығындағы жастардан тұрады. Кеңес құрамын қалыптастыру кезінде жастар саясаты мәселелері бойынша кураторлар, журналистер, кәсіпкерлер және азаматтық белсенділер, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты, "Дарын" сыйлығының иегерлері тартылатын болады. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің дауыс беруімен бір жылдан аспайтын мерзімге сайланатын болады. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік ұйымның қызметкері немесе жергілікті өкілді органның немесе қоғамдық кеңестің өкілі төраға бола алмайды.
5.2. Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму мақсаттары саласындағы күн тәртібінде әлемдік көшбасшылар жастарды әлеуметтендіру мен дамытуға бағытталған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған күш-жігерді жандандыру жөнінде міндеттер қойды. Жастарды қолдауға бағытталған жекелеген іс-шаралар, индикаторлар мен көрсеткіштер сапалы және қолжетімді білім беру, тұрақты жұмыспен қамту және экономикалық өсу бөлігінде жаһандық мақсаттармен біріктірілген.
Бұл бағыт тұрақты даму мақсаттарына қатысты жоспарлауды, іске асыруды, сондай-ақ мониторинг пен есептілікті қоса алғанда, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібіндегі іс-қимылдардың барлық кезеңдері мен деңгейлерінде жастардың қатысуына жәрдемдесуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде әлеуетті дамытуды қолдау және жастардың тәжірибесінің алуан түрлілігін тану жоспарлануда.
Кәсіпкерлік бастама, жастардың энергиясы елді, қалалар мен аудандарды дамытудың ауқымды, перспективалық жобаларына қатысуды талап етеді. Жобалардың бағыттары мен мазмұны жастардың тиісті кәсіби және кәсіпкерлік құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Жастардың динамикалық жағынан өзгертетін нарықтық жағдайында өзін-өзі барабар анықтауға мүмкіндік беретін осындай кәсіпкерлік құзыреттерді алу қажеттілігін біржақты дәлелдеуге болады. Жүйелі функционалдық ойлау, жобалық басқару, ұйымдастырылған коммуникация, қаржылық сауаттылық, қызметтің жалпы кәсіби теориясының негіздерін игеруге назар аударылатын болады. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) рефлексивті, талдамалық, жобалау, цифрлық, коммуникативтік, келісу, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру тұрғысынан білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Олар дамыған кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастырудың негізгі шарттарын құрайды.
Жастардың бизнес-білімін дамыту және қолдау
Дамыған нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың әртүрлі институттары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар біртіндеп қалыптасуда. Сонымен қатар, барлық кәсіп субъектілерінің – менеджерлердің, экономистердің, заңгерлердің, инженерлердің, дәрігерлердің және басқа мамандардың кәсіпкерлік негіздерін игеру қажеттілігі туралы түсінік пайда болады. Сонымен, қазіргі заманғы инженер тек техникалық білімнің ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік, менеджерлік дағдылардың кең көлеміне ие болуы керек. Ол идеяның пайда болуынан, оны жобалаудан, эксперименттік тексеруден, экономикалық негіздемеден, ықтимал салдарларды бағалаудан, дайын тауар өнімдерін өндіруден және сатудан бастап барлық жолды көруі керек. Егер азаматтар, жастар өз бизнесі ресурстарының бір бөлігін қоғамды (елді), жалпы игілікті дамытуға бағыттаудың жалпы логикалық идеясын басшылыққа алса, ел экономикасы теңдестірілген және бәсекеге қабілетті бола алады. Осылайша, мемлекеттік жастар саясаты ұлттық патриотизм логикасында жастарға бизнес-білім берудің барлық жүйесін құруды, барлық субъектілердің өзара тиімді әріптестік қатынастарын келісуді және орнатуды көздейтін болады.
Осыған байланысты, бірінші кезекте, республикалық және өңірлік деңгейлерде барлық мемлекеттік институттардың функционалдық өзара іс-қимылының тиісті жүйесін қарастыру қажет.
Инновациялық әдіснамалық құралдарды әзірлеу және оларды қазақстандық бизнес-білім беруде сынақтан өткізу мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылының функционалдығын арттырады.
Аудандардағы ЖРО желісі арқылы бизнес-білім беру секторын қайта іске қосу
Қазақстанда 231 Жастар ресурстық орталықтары тіркелген. ЖРО қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
ЖРО желісі арқылы бизнес-білім беруді қайта іске қосу оларды қалалар мен аудандарды дамытудың жалпы жобаларына органикалық түрде енгізуді көздейді. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өңірлерді дамыту жобаларын іске асыруға жастар ресурсын тартуға мүдделі болуға тиіс.
ЖРО негізгі субъектілердің функционалдық өзара іс-қимыл модельдерін келісуге, өңірлерді дамыту жобаларын нақтылауға бастамашы бола алады. Бұл оларға қатысудың нақты орындары мен нысандарын анықтауға, жастардың энергиясын іске асыруға көмектеседі, азаматтық сананың жедел қалыптасуына, жастардың елдің бүкіл дамуы үшін жауапкершілікті түсінуіне, жастардың рухани, зияткерлік және кәсіби әлеуетін ашуға және іске асыруға ықпал етеді.
Жастар ресурстық орталықтары тек стартап-инкубаторлар ғана емес, сонымен қатар пікірталас, білім беру, талдау, әзірлеу және келісу алаңдары, өңірлік даму орталықтары бола алады.
Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімдігі қазіргі уақытта 8 аудандық ЖРО Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының басқармасына берілді. Осыған байланысты, ЖРО-ның шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты үйлестіруді ықтимал бекітіп бере отырып, Алматы қаласының үлгісі бойынша ЖРО-ны аутсорсингке дәйекті берудің артықшылықтары туралы талдамалық зерттеу жүргізу қажет.
Гранттық кезеңде және олар аяқталғаннан кейін гранттық қолдау көрсетілген жобалардың "іске асырылуын" талдау
Гранттық кезеңде гранттық қолдау көрсетілген және олар аяқталғаннан кейін жобалардың "іске асырылуын" талдау үшін грант алушылардан мынадай негізгі критерийлер бойынша тиісті әлеуметтанулық сауалнама талап етіледі: жобаларды іске асырудың тиімділігі, жобаларды іске асыруды жалғастыру және масштабтау проблемалары, проблемаларды шешу тәсілдері, қажетті қолдау (талдамалық, білім беру, нормативтік-құқықтық, қаржылық), күтілетін нәтижелер.
2022 жылдан бастап жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта біріктіру мақсатында "Zhas Project" гранттық бағдарламасы іске асырылуда. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталған.
5.3. Оқу-ағарту және мәдениет
Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды еңбек нарығындағы ағымдағы және болжанатын сұраныстың ерекшеліктеріне сәйкес келтіру қажет, өйткені Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша еңбек нарығындағы мамандардың негізгі дағдыларының 40% - ы алдағы 5 жылда өзгеруі мүмкін және әрбір екінші қызметкер қайта біліктіліктен өтуі тиіс.
Lifelong learning (өмір бойы оқыту) қағидатын енгізу, мысалы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлемнің жетекші университеттерінің (оның ішінде Coursera, edX және басқа да оқыту платформалары арқылы) онлайн курстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын одан әрі жалғастыру.
Жоғары біліммен қамтуды ұлғайту үшін өңірлер мен техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізілетін болады.
Аталған талдау сондай-ақ жұмысқа орналасу міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлауды ескеретін болады.
Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастарды тегін ТжКБ-мен қамту кеңейтіледі.
Жастарға консультациялық кәсіптік бағдарлау көмегі шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің қызметі ұйымдастырылатын болады.
Шығармашылық индустриялар отандық мәдениеттегі оң өзгерістердің триггері болады және оның субсидиялау саласынан жоғары қосылған құнды құрайтын секторға өтуін қамтамасыз етеді.
Креативті индустрияны дамыту жас таланттар үшін "әлеуметтік лифттерді" іске қосады және Қазақстанның және оның мәдениетінің шетелде танылуын арттыруға ықпал етеді.
Дарынды жастарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде әртүрлі гранттық жобаларды ("Тәуелсіздік ұрпақтары", "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы) іске асыру жалғастырылады.
ЖРО базасында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында креативті кластерлер мен хабтар құру; Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш креативті бизнес - инкубаторлар мен акселераторлар құру; және осы қалалардағы қалаларда үш көпфункционалды білім беру-көрме орталықтарын құру жоспарлануда.
Жастар еріктілер бастамаларына белсенді түрде тартылатын болады.
Жастар мен волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру ұлғаяды.
Жастарды экологиялық қызметке тарту, жастардың қоршаған әлеммен экологиялық және этикалық жауапты қарым-қатынасын дамыту ерекше қолдау алады.
5.4. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие
Жастарға патриоттық тәрбие беру-еліміздің мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі.
Тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде тәрбие мен педагогика процестеріне ерекше назар аудару керек. Педагогика адам тәрбиесіне күшті әсер етеді, сондықтан педагогика патриотизмді тәрбиелеуді практикада белсенді қолдануы керек. Патриоттық тәрбие азамат пен патриоттың қасиеттеріне ие және бейбіт және соғыс уақытында азаматтық міндеттерді сәтті орындай алатын тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Отанның өткенін, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу аясында мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік командалық ойындар дамиды.
Жастар арасындағы отбасылық құндылықтар отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешені арқылы нығайтылатын болады.
Жастар арасында Отанға деген адалдықты және өз мемлекетін қорғауға дайындықты нығайту мақсатында әскери-патриоттық ойындар ("Айбын", "Найза") ұйымдастырылады.
Патриоттық рухтың деңгейін арттыру үшін жастарға арналған әскери-патриоттық көрмелер ұйымдастырылады.
5.5. Ақпараттық кеңістік
Жастар өкілдерін олардың құқықтары, міндеттері және оларды қоғам мен мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық салаларында іске асыру мүмкіндіктері туралы хабардар ету уәкілетті мемлекеттік органдар қызметінде басымдыққа айналады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми Интернет - ресурстарында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде осы бағдарламалар мен жобалардың мазмұны мен іске асырылуы туралы жарияланымдардың, теле-және бейнесюжеттердің саны мен сапасы ұлғайтылатын болады.
Қазақстанның жастар ортасындағы өзекті мәселелерді, оқиғаларды, процестер мен үрдістерді жариялау және баспа және электрондық БАҚ пен Интернет-ресурстарда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру деңгейі артады.
Жастар тақырыптарын жариялау және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен және мемлекеттік емес БАҚ-пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тетіктерін ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Зияткерлік және шығармашылық жастар мен жастар ұйымдарының өкілдері жастар тақырыбы бойынша ақпараттық өнімдерді жасауға және таратуға қатысуға тартылатын болады.
Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жастар тақырыбын тұрақты негізде жариялайтын журналистер мен блогерлер пулы қалыптастырылатын болады.
Мақсатты аудиторияны қамту республикалық және жергілікті мемлекеттік телеарналарда жастар өкілдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының және сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен бағдарламалар (хабарлар) құруды және тұрақты трансляциялауды кеңейтеді.
Іске асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатын және жастардың даму деңгейін жеті негізгі бағыт бойынша талдау үшін – білім беру, денсаулық және әл - ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және қауіпсіздік-жастардың даму индексі пайдаланылатын болады.
Жастар зерттеулерінің нәтижелері негізінде "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Ғылыми жарияланымдар (монографиялар, талдамалық баяндамалар, ғылыми басылымдардағы мақалалар) және жастар тақырыбы мәселелері бойынша республикалық, өңіраралық, өңірлік және халықаралық ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік іс-шаралар өткізу практикасы дамытылады.
Жастар саясатын іске асырудың тиімділігі шешімдер қабылдаудың ғылыми-талдамалық негіздемесіне сапалы байланысты. Бұл тұрғыда жастардың даму тенденцияларын түсіну үшін көрші елдердің іргелес аймақтарында бойлық және салыстырмалы зерттеулер жүргізу маңызды. "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын қазақстандық жастар туралы негізгі құжат ретінде жыл сайын емес, ретроспективті түрде, жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының неғұрлым өзекті параметрлеріне баса назар аударған жөн.
5.6. Салауатты өмір салты
Жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік проблемаларын, олардың сырқаттану деңгейін, қауіпті мінез-құлық пен жаман әдеттерді зерделеу мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік кепілдіктер мен қалыптасқан шаралар жүйесі өскелең ұрпақтың толыққанды дамуын және оның денсаулығын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Бұл жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау саласындағы барлық шаралар жүйесін оңтайландыру қажеттігін көрсетеді.
Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының, оның ішінде психоактивті заттарды қолданумен байланысты, сондай-ақ жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені үнемі өткізілетін болады.
СӨС насихаттау бойынша жастар арасында ақпараттық жұмыс жүргізіледі, тиісті материалдар шығару ұлғайтылады.
Сонымен қатар, жастардың тұрақты жаттығулары үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту қажет.
Осы мақсатта әрбір елді мекенде спорт залдарының, алаңдар мен секциялардың қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында әр өңірде кемінде 50 спорт алаңы салынатын болады.
Алдын алу шаралары аурудың алдын алудың және ұлттың денсаулығын сақтаудың негізгі болып табылады.
Жастардың репродуктивті денсаулығының алдын алу және қолдау мәдениеті алға жылжиды.
Жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу оның алдын алудың маңызды көрсеткіші болып табылады. АИТВ-инфекциясына тегін тестілеу, сондай-ақ Қазақстанда іске асырылып жатқан денсаулық сақтаудың базалық қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын тіркеудің өсуіне елеулі үлес қосуды жалғастырады.
Елімізде жастар денсаулығының профилактикасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі - ЖДО) ерекше рөл атқарады. ЖДО жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша міндеттерді орындайды.
Жастар ортасында репродуктивті аурулардың профилактикалық алдын алу мәдениетін дамыту шеңберінде жұмыс істеп тұрған ЖДО санын ұлғайту ұсынылады, бұл жасөспірімдер мен жастардың қолжетімділігін арттыруға және ЖДО қызметтерімен қамтылуын арттыруға мүмкіндік береді.
5.7. Ауыл және жастар
Дамыған елдердің қоғамдық өмірін жаңғырту тәжірибесі жастардың жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік жағдайдың маргиналдылығына байланысты ең серпінді, ең пластикалық, өзгермелі жағдайларға бейім әлеуметтік-демографиялық топ ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді. Жастар жаңа әлеуметтік жағдайларға оңай бейімделеді, сондықтан олардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқаты әлеуметтік өзгерістердің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ауылдан қалаға жастар көші-қоны проблемасы жастарды жұмысқа орналастыруға және ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, 14-18 жас аралығындағы ауыл жастары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ауылда жастар бастамаларын дамыту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы шешіледі.
Ауылдық аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ олардың әлеуетін кәсіпкерлік арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тарту тетігі арқылы іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылатын болады.
14-18 жас аралығындағы ауыл жастары арасында үнемі кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілетін болады.
ЖРО базасында 18-23 жас аралығындағы ЖОО, ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық табысты әлеуметтенудің кепілі және жұмысқа орналасудың қажетті атрибуты болып табылады.
Осыған байланысты, Тұжырымдамада цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту көзделген. Бұл шара өңірлік жастар мен қала жастары арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
6-бөлім. Мақсатты индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Мақсаттарға қол жеткізу 1-кестедегі нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады.
Халықаралық контексте NEET санатындағы жастар 15-28 жас аралығындағы кіші топпен аңықталады. NEET жастарының үлесін төмендетуге бағытталған іс-шаралардың мақсатты индикаторлары мен күтілетін нәтижелері 15-28 жас аралығындағы халыққа бағытталған. Қалған күтілетін нәтижелер мен нысаналы индикаторлар 15-34 жас тобын қамтитын іс-шараларды іске асыруды білдіреді.
2029 жылға қарай күтілетін нәтижелер:
1. Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін 90% - ға дейін арттыру.
2. Еліміздегі жастар саясатына қанағаттанатын жастардың үлесін 70% - ға дейін ұлғайту.
3. Жұмыспен қамтылған жастар санын 2,3 млн. адамға дейін ұлғайту.
4. Жас кәсіпкерлердің үлесін 20% - ға дейін ұлғайту.
Ескерту:
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс – шаралар осы тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
1-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с | Нысаналы индикатор | Өлшем бірлік | Ақпарат көзі | болжам | Орындауға жауаптылар | ||||||
2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Шешім қабылдау процесіне тартылған жастардың үлесін ұлғайту | % | АҚДМ | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 30 | АҚДМ |
2. | Орталық және жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңес құрамында жастар квотасын ұлғайту | % | АҚДМ | 10 | 12 | 14 | 16 | 18 | 19 | 20 | АҚДМ, ЖАО |
3. | NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету | % |
ҰСБ | 6,7 | 6,2 | 5,6 | 5,0 | 4,5 | 4,0 | 3,5 | АҚДМ, ЖАО |
4. | Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың жұмыспен қамтылу үлесін арттыру | % | Еңбекмині | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | Еңбекмині, АҚДМ, ЖАО |
5. | Мемлекеттік қызметшілер арасында жастардың үлесін арттыру | % | МҚІА | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 24 | 25 | МҚІА, АҚДМ |
6. | Жоғары біліммен қамтылған жастар санының артуы | % | ҒЖБМ | 63 | 64 | 66 | 68 | 71 | 73 | 75 | ҒЖБМ |
7. | Дарынды жастар санының артуы | адам | АҚДМ, ЖАО | 500 тыс. | 600 тыс. | 700 тыс. | 800 тыс. | 900 тыс. | 1 млн | 1,1 млн | АҚДМ, ЖАО |
8. | Волонтерлік және қайырымдылық жобаларына, экологиялық бастамаларға тартылған жастардың үлесін ұлғайту | % | АҚДМ | 20 | 22 | 24 | 26 | 28 | 30 | 32 | АҚДМ, ЖАО |
9. | Әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылған жастар санын, оның ішінде әскери-спорттық іс-шаралар арқылы ұлғайту | адам | Қорғанысмині | 700 мың. | 730 мың. | 760 мың. | 790 мың. | 820 мың. | 850 мың. | 880 мың. | Қорғанысмині, АҚДМ, ЖАО |
10. | Eljastary.kz инфо навигаторын пайдаланушылар деңгейін арттыру | адам | ЖАО | 700 мың | 900 мың | 1,2 мың | 1,4 мың | 1,6 мың | 1,8 мың |
2 | АҚДМ, ЖАО |
11. | Жастар денсаулық орталықтарында психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтерімен қамтуды арттыру | % | ДСМ | 17 | 20 | 24 | 28 | 33 | 38 | 43 | АҚДМ, ДСМ, ЖАО |
12. | Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту | адам | АҚДМ | 800 мың. | 900 мың. | 1 млн. | 1,1 млн. | 1,2 млн. | 1,3 млн. | 1,5 млн. | АҚДМ, ЖАО |
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша |
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
№ | Реформалардың / негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Орындауға жауапты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт. Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу | ||||
Шешім қабылдау процесіне жастарды тарту үшін жағдай жасау | ||||
Нысаналы индикатор 1. Шешім қабылдау процесіне тартылған жастардың үлесін ұлғайту | ||||
1. | Бастамашыл топтармен, жастардың бейресми бірлестіктерімен өзара іс-қимыл бойынша кездесулер ұйымдастыру | хаттама | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
2. | Жастармен диалогты дамыту және жастар бастамаларын іске асыру үшін қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру | ұсыныстар | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
3. | Жастардың азаматтық және саяси белсенділігін ынталандыру мақсатында ірі компаниялармен ынтымақтастық | жоба | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
4. | Республикалық жастар ұйымдарының базасында жастарды дамытудың өзекті трендтерін талқылау бойынша өңірлік және халықаралық диалог алаңдарын ұйымдастыру | хаттама | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
5. | Жастар саясатын дамыту және өңірлік даму мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына зияткерлік элитаның сараптамалық қоғамдастығын, азаматтық қоғам өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін тарту |
ұсыныстар | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
6. | Жастарды дамыту индексін енгізу | министрдің бұйрығы | 2023 жылғы IV тоқсаны | АҚДМ, ЖАО |
Нысаналы индикатор 2. Орталық және жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңес құрамында жастар квотасын ұлғайту | ||||
7. | Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау дағдыларын, басқалардың пікіріне төзімділікті қалыптастыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
8. | Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
9. | Алаяқтық схемалар мен "инфобизнесмендерді" әшкерелеу арқылы алаяқтық жағдайларының алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ІІМ, ЖАО |
Нысаналы индикатор 5. Мемлекеттік қызметшілер арасында жастардың үлесін арттыру | ||||
10. | Жастарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мен құралдарын тиімді іске асыруға қоғамдық мониторинг жүргізу | талдау |
жыл сайын, | АҚДМ, Еңбекмині, ОАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ДСМ, ИИДМ, МСМ |
11. | Жастардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу | аналитикалық баяндама |
жыл сайын, | АҚДМ, ЖАО, "Жастар" ҒЗО |
12. | Қалалық және ауылдық елді мекендерде жастарды шешім қабылдауға тарту және ілгерілету | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
2-бағыт. Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік | ||||
Нысаналы индикатор 3. NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету | ||||
13. | "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы арқылы "Zhas project" жобасына гранттар бере отырып әдістемелік-талдауды қамтамасыз ету | гранттар беру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
14. | Болашақ түлектер арасында кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша волонтерлік жобаларды ілгерілету | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
15. | NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының жүйелі мониторингін ұйымдастыру | аналитикалық баяндама | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО |
16. | "Жасыл ел" жобасы шеңберінде жыл сайын жазғы кезеңге 30 мың жас адамды, оның ішінде 10 мың ауыл жастарының өкілдерін жұмысқа орналастыру | жоба | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
Жас мамандардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау | ||||
17. | Жастар арасындағы әлеуметтік бағдарлау | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
18. | Жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау | министрдің бұйрығы |
2023 жылғы | АҚДМ, ЖАО |
19. | Жас отбасыларға жеңілдетілген кредит беру бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу | Әкімдердің бұйрықтары, әкімдердің "Отбасы банк"АҚ-мен меморандумдары | 2023-2029 жылдар | ЖАО, "Отбасы банк" АҚ (келісім бойынша) |
20. | Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мониторингі | аналитикалық баяндама | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ИИДМ, ОАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ЖАО |
21. | Жас кәсіпкерлермен сұхбат жүргізу, ақпараттық сүйемелдеу және сақтандыру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ұсыныстар | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
22. | Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беру | жеңілдікпен несие беру | 2023-2029 жылдар | Еңбекмині, ЖАО |
23. | Жастарға ақпараттық-кеңес беру көмегін ұйымдастыру (білім беру, құқықтық, психологиялық және т. б.) | кеңес беру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
24. | Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша шаралар кешенін қабылдау (оның ішінде ЖРО қызметін бағалау және KPI енгізу), ЖРО базасында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында шығармашылық кластерлерді, хабтарды, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, көпфункционалды оқу-көрме орталықтарын құру | Әкімдердің жыл сайынғы KPI бекіту туралы бұйрықтары | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
3-бағыт. Оқу-ағарту және мәдениет | ||||
Жаңа білім беру кеңістігін қалыптастыру | ||||
25. | 2029 жылға қарай жұмысқа орналастыру міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлауды 80 мың адамға дейін арттыру | есеп | 2023-2029 жылдар | ОАМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
26. | Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының өңірлері мен мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізу | талдау | 2023-2029 жылдар | ЕХӘҚМ, АҚДМ, ОАМ, ҒЖБМ, ЖАО |
27. | Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастарды тегін ТжКБ қамтуды арттыру (2023 ж. – 130 мың., 2024 ж. – 140 мың., 2025 ж. – 150 мың.) | гранттар ұсыну | 2023-2025 жылдар | ОАМ, ЖАО |
28. | "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулері бойынша 1000 грант | гранттар беру | 2023-2029 жылдар | ҒЖБМ |
29. | Жастарға консультациялық көмекті арттыруға бағытталған жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің қызметін ұйымдастыру | кеңес беру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
Жастардың мәдени даму мүмкіндіктерін кеңейту | ||||
30. | Дарынды жастарды қолдау бойынша шаралар кешенін ұйымдастыру | іс-шараларды ұйымдастыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, МСМ, ЖАО |
31. | "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын іске асыру | гранттар беру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ |
32. | "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау | сыйлықты табыстау | 2023-2029 жылдар | АҚДМ |
33. | Жастар арасында ақпараттық сауаттылықты дамыту | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
34. | Жастардың әртүрлі жас санаттары үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
Нысаналы индикатор 8. Волонтерлік және қайырымдылық жобаларына, оның ішінде экологиялық бастамаларға тартылған жастардың үлесін ұлғайту | ||||
35. | Волонтерлік қызметке тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | жоспар | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
36. | Жастар және волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларға гранттарды қаржыландыруды ұлғайту | гранттарды қаржыландыруды ұлғайту | 2023-2029 жылдар | АҚДМ |
37. | Жастарды экологиялық қызметке тарту және өңірлік деңгейде жастардың экологиялық бастамаларын қолдау | жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
38. | Жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, жастар стратасының экологиялық мінез-құлық және экологиялық өмір салтын ұстану туралы хабардар болуына бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру | жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
39. | Жастардың қоршаған әлемге экологиялық және этикалық жауапкершілікпен қарауын дамыту | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ |
4-бағыт. Ұлттық құндылықтар және патриоттық тәрбие | ||||
Патриоттық тәрбие | ||||
40 | Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
41 | Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
42 | Мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамыту | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
43 | Жас ұрпақтарда психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін дамыту | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
44 | Жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру | аналитикалық баяндама және ІІМ-не ұсыныстар | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ІІМ, ЖАО |
45 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ |
46 | Жастар арасында берік отбасы құндылықтарын қалыптастыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
47 | 2029 жылға қарай 22 мың қатысушыны тарта отырып, әскери-патриоттық ойындарды ("Айбын", "Найза") ұйымдастыру | АҚДМ-не есеп | 2023-2029 жылдар | Қорғанысмині, ЖАО |
48 | Патриоттық рух деңгейін арттыру мақсатында кемінде 75 мың жастардың әскери музейлер мен әскери-патриоттық көрмелерге баруы | АҚДМ-не есеп | 2023-2029 жылдар | Қорғанысмині, ЖАО |
49 | Әскери қызмет туралы телеөнімдерді әзірлеу | 2029 жылға қарай кемінде 160 бейнеролик орналастыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, Қорғанысмині |
5-бағыт. Ақпараттық кеңістік | ||||
Жастар үшін цифрлық және ақпараттық кедергілерді азайту | ||||
50 | Жаңа кәсіби санатты енгізу – жастармен жұмыс жөніндегі маман (қызметі оның жеке және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталатын болады) | АҚДМ-нің бұйрығы | 2023 жыл | АҚДМ, ЖАО |
51 | Мемлекеттік жастар саясаты шараларын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу | Eljastary.kz сайтын ақпараттық толықтыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, "Жастар" ҒЗО (келісім бойынша) |
52 | Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бірыңғай Интернет-ресурсты сүйемелдеу | Eljastary.kz сайтының мазмұнын арттыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, "Жастар" ҒЗО (келісім бойынша) |
53 | Жастарды мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан шаралары туралы ақпаратпен қамту | аналитикалық баяндама және ұсыныстар | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
54 | Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы объектілерді жастар саясатын іске асыру туралы ақпаратты қамтитын интерактивті стендтермен қамтамасыз ету |
АҚДМ-не есеп | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
55 | "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын әзірлеу және таныстыру | Президентке ұлттық баяндаманы ұсыну | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, "Жастар" ҒЗО (келісім бойынша) |
6-бағыт. Салауатты өмір салты | ||||
56 | Аудан орталықтары мен шағын қалаларда, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін белсенді тарту арқылы жастардың мәдени-демалыс орталықтары желісін дамыту | АҚДМ-не есеп | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
57 | Жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында әр өңірде кемінде 50 спорт алаңын салу | орындалған жұмыстар актісі | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
58 | Әрбір елді мекенде спорт залдарының, алаңдар мен секциялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету | орындалған жұмыстар актісі | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
59 | Ауладағы спорт алаңдары базасында балалар мен жастар арасында спорттық іс-шараларды өткізу | АҚДМ-не есеп | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
60 | Ақпараттық жұмыс арқылы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, атап айтқанда материалдар шығаруды ұлғайту (2023 ж. – 3000 материал, 2024 ж. – 3500 материал, 2025 ж. – 4000 материал, 2026 ж. – 4500 материал, 2027 ж. – 5000 материал, 2028 ж. - 5500 материал, 2029 ж. - 6000 материал). | аналитикалық есеп және ЖАО ұсыныстары | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, МСМ, ДСМ, ЖАО |
61 | Жастардың репродуктивті денсаулығының алдын алу және қолдау мәдениетін ілгерілету | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ДСМ, ЖАО |
62 | Жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ДСМ, ІІМ, ОАМ, ҒЖБМ, ЖАО |
63 | Қазіргі заманғы насихаттау әдістері арқылы жастар арасында психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты профилактикасына бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
64 | Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
65 | ҮЕҰ тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешенін іске асыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
66 | Жасөспірімдер мен жастардың девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | жобаларды іске асыру | 2023-2029 жылдар |
АҚДМ, ОАМ, ҒЖБМ, |
67 | Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу | жобаларды іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ДСМ, ЖАО |
68 | Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
69 | Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуын алдын алу | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ІІМ, ЖАО |
70 | Жастар ортасында нашақорлық проблемалары туралы талдамалық баяндама дайындау | аналитикалық баяндама | 2023 жыл | АҚДМ, ІІМ, ДСМ, "Жастар" ҒЗО (келісім бойынша) |
7-бағыт. Жастар және ауыл | ||||
Нысаналы индикатор 12. Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 800 мың, 2024 ж. – 900 мың, 2025 ж. – 1 млн, 2026 ж. – 1,1 млн, 2027 ж. – 1,2 млн, 2028 ж. – 1,3 млн, 2029 ж. – 1,5 млн адам) | ||||
71 | Қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізу, оның ішінде кеңестердің құрамына өңірлердегі ауыл жастарын қосу | жұмыс тобы отырысының хаттамасы | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
72 | "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты негізінде ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес саласындағы жастар бастамаларына арналған өңірлік гранттарды іске асыру | гранттар беру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
73 | Ауылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы жастар бастамаларын іске асыру | жобалар | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
74 | NEET санатындағы жастарды, оның ішінде ауылдық жерлерден жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу | жоба | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
75 | 14-18 жас аралығындағы ауыл жастары арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу | жобаларды іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
76 | Жастар ресурстық орталықтарымен 18-23 жас аралығындағы ЖОО, ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізу | бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру | 2023-2029 жылдар |
АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО, |
77 | Ауыл жастарының мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған өңірлік жастар слеттерін ұйымдастыру | жобаларды іске асыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
78 | Ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу | гранттық жобаны іске асыру | 2023-2029 жылдар | АҚДМ, ЖАО |
79 | Ауыл жастары арасында цифрлық сауаттылық мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізу | іс-шараларды ұйымдастыру | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
80 | Ауылдарда білім беру және спорттық жастар клубтарын (орталықтарын) құру | орындалған жұмыстар актісі | 2023-2029 жылдар | ЖАО |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
"Атамекен" ҰКП | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
"Жастар" ҒЗО | - | "Жастар" ғылыми зерттеу орталығы" ЖШС |
ЖАО | - | Жергілікті атқарушы органдар |
ИИДМ | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Қорғанысмині | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
МСМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ОАМ | - | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
"Отбасы банк" АҚ | - | "Отбасы банк" Акционерлік қоғамы |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ІІМ | - | Ішкі істер министрлігі |