ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 12-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"
6. | Құтқарушыларға және құтқарушы функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерге | Денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы | ЛА-дан 70 % | Көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |